Untitled Document

Сұхбат... Сырат көпіріндегі жеті сұрақ

Пайғамбарымыз: «Сырат көпірінде әр мұсылман жеті сұрақтан, яғни иманнан, намаздан, оразадан, қажылықтан, зекеттен, ғұсылдан және құл (кісі) ақысынан есепке тартылады. Құл (кісі) ақысына қатысты сұрақтан күнәсіз болса да тіпті пайғамбарлар да қорқады» деген.

1) Иман: Иман – «Әмәнту...»-де білдірілген алты негізге сену деген сөз. Иманы болмағандар тозаққа түсіп, онда мәңгі қалады. Сондықтан иманнан айыратын себептерді жақсылап үйренуіміз керек. Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінен болып, сенімі қате болған адамдар тозаққа түссе де, түйірдей имандары бар болғандықтан ол жақта мәңгі қалмайды.

2) Намаз: Шарттарына сай оқылу керек және мүлдем қаза намазынан қарыз болмау керек. Намаз – дін деген сөз. Намазсыз дін болмайды.

3) Ораза: Оразаны жақсы көріп ұстау керек. Бұл өте құнды. Аллаһу та'ала: «Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауап беріледі, бірақ ораза маған тән, оның қайтарымын мен беремін» деген. Имсак және ауызашар уақыттарында тәмкин мерзіміне мән беретін дұрыс кестелерді қолдану қажет.

4) Қажылық: Қажылықтың шарттарын жақсылап үйреніп орындау керек. Мысалы, Арапа күні Арафатта уақфада тұрмаған адамның қажылығы сахих болмайды. Сондықтан Зүл-хиджа айының хилалын күту және Арапа күнін дұрыстап анықтау керек.

5) Зекет: Зекеті берілмеген мал-мүлік, ақша тозақ отында қыздырылып, иесінің маңдайына, бүйіріне, арқасына мөр сияқты басылады. Зекет шарттарына сай түрде берілу тиіс.

6) Ғұсыл: Ғұсылдың шарттарына мән беру керек, ғұсылымыз фиқһ кітаптарына сай болу қажет.

7) Құл (кісі) ақысы: Мойнында құл ақысы бар адамның сауабы алынып, ақы иесіне беріледі, сауабы жоқ болса, оның күнәсі сол адамға жүктеледі. Ұрлық және қарақшылық құл ақысына жатқанындай, адам ренжіту, жала жабу және ғайбаттау да құл ақысына жатады.

Жәннатқа кіруді қалаған адам осы жеті сұраққа қазірден бастап дайындалуы керек.