Күннің тарихы... Мәулана Жәлаладдин Руми
Хазреті Мәулана Жәлаладдин Руми Аллаһу та’аланың әулиелерінің ұлыларынан. 1207 жылы Бәлх қаласында туылып, 1273 жылы 17 желтоқсанда Конья қаласында қайтыс болған. Тегі әкесі тарапынан хазреті Әбу Бәкірден, анасы тарапынан Ибраһим бин Әдхәм хазреттен келеді. Әкесі Бахауддин Уәләд кемел ғалым және әулие еді. Жас кезінде әкесінен тәлім алып, оның көңіліндегі фәйздарға (нұрларға) қауышады. Әкесімен Хижазға, кейін Шамға, ал ол жерден Коньяға келеді. Алдымен әкесінің халифасы сәйид Бурханеддин Тирмузиден 9 жыл фәйз алды. Тасаууфта үлкен дәрежелерге жетті. Кейін оны Шәмседдин Тәбризи жетілтіреді. Жәлаладдин Руми ней (сырнай) және дүмбелек шалмаған, айналып билемеген. Мұндай нәрселерді кейіннен 15 ғасырларда сауатсыздар ойлап шығарды. Диуанында 30 мың, Мәснәуиінде 47 мың шумақ бар. Мәснәуиін дұшпандардың өзгерте алмайтындай түрде ақындық шеберлікпен жазған.
Мәулана хазрет ахирет өмірін түсіндірерінде: «Топыраққа егілген қай ұрық, топырақ бетіне тіріліп шықпаған?» деп топыраққа көмілген адамдардың қайта тірілетінін білдірген.
Сұхбат...
Бес нәрсе
Хазреті Әбу Бәкір былай деді:
Қараңғылық бес нәрседе. Олардың жарықтануы да бес нәрседе:
– Дүниені жақсы көру қараңғылық, ал мұның жарықтануы тақуалықта.
– Күнә істеу зұлымдық, ал мұның шырағы тәубе етуде.
– Қабір қараңғылық, ал мұның жарығы «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдун Расулуллаһ» деп айту.
– Ахирет қараңғылық, ал мұның шырағы жақсы амалдар.
– Сырат көпірі қараңғылық, ал мұның шырағы ахиретке яқинмен (көріп тұрғандай) сену.