Ражаб айы
Сұрақ: Ражаб айы туралы мәлімет бересіздер ме?
Жауап: Ражаб – қасиетті үш айдың бірі. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал Рамазан жақындық пен ниғмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб ұрық себу, Шабан егінді суару, ал Рамазан болса, жемісті жинау айы».
Ражаб (ережеп) айы кешірім, Шабан айы шапағат және Рамазан айы сауаптар еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның марапатын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауапты алу үшін ең алдымен сенімді түзету керек. Илмихал ілімдерін үйреніп, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ражаб айында Аллаһу та’алаға көп истиғфар айтыңдар, өйткені Ражаб айының әрбір уақытында Аллаһу та’аланың тозақтан азат еткен құлдары бар. Сонымен қатар, жәннатта өте әсем сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді». (Дәйләми).
«Аллаһу та’ала Ражаб айында ораза тұтқан адамдарды кешіреді». (Ғуния).
«Қасиетті Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айын толығымен тұтқандай сауап беріледі». (Мифтахул-жәннә).
«Мына бес түнде жасалған дұға қайтарылмайды: Рағаиб түні, Шабан айының 15-ші түні, жұма түні, Ораза айттың түні және Құрбан айттың түні». (Ибн Асакир).
«Ражаб айында тақуалыққа сай бір күн ораза тұтқан адамға, ораза тұтқан күндері тілге келіп «Йа, Раббым, оны кешіре гөр» деп айтады». (Әбу Мұхаммед).