Сұхбат... Қасиетті үш ай
Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе?
Жауап: 1) Ражаб айы: Қасиетті төрт айдың бірі. Аяти кәримада: «Аллаһтың көктер мен жерді жаратқан күнінен бері айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі харам (құрметті) болған айлар» делінген. (Тәубә 36).
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Харам (қасиетті) айлар – Ражаб, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Мухаррам». (Ибн Жәрир).
«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді». (Дәйләми).
2) Шабан айы: Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Шабан сондай құнды ай, адамдар одан ғафыл (хабарсыз) болады. Бұл айда амалдар әлемдердің Раббысына ұсынылады. Мен де амалымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын». (Нәсаи).
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында ұсталған ораза». (Тирмизи).
«Шабан айында үш күн ораза тұтқан адамға Хақ та'ала жәннатта орын дайындайды». (Әйухәл уәләд илмихалы).
3) Рамазан айы: Хадис шәрифте былай делінген:
«Рамазан айы мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, тозақ есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақұрым қалған адам бар жақсылықтан мақұрым қалған болып саналады». (Нәсаи).