Сұхбат... Тамақтану әдебі
Тамақтанудың парыздары:
1. Жеген кезінде тоюды және ішкен кезінде қануды Аллаһу та’аладан деп білу.
2. Халалдан тамақтану.
3. Жеген тамақтың қуаты жұмсалғанға дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
4. Қолындағы барға қанағат ету.
Сүннеттері:
1. Тамақты «бисмилләһ» айтып бастау (қасындағылардың естеріне түсіру үшін дауыстап айтуға болады).
2. Тамақтың соңында «әлхамдулилләһ» деу.
3. Тамақтан бұрын және соңында қолды жуу (тамақтан бұрын қол жуғанда алдымен жастар, ал тамақтан кейін алдымен үлкендер бастап жуады).
4. Оң қолмен ішіп-жеу.
5. Ыдыстың шетінен бастау, өз алдынан жеу.
6. Оң аяқтың тізесін бүгіп, сол аяқтың үстіне отыру (отырғанда бір нәрсеге сүйену, басы ашық күйінде жеу рұқсат).
7. Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау (тұзбен бастап, тұзбен аяқтау шипа болады. Тамақты нанмен бастап, нанмен аяқтап, нандағы тұзға ниет етілсе, бұл да сүннеттің орнына өтеді).
8. Қолмен желінетін тағамдарды үш саусақпен жеу.
9. Қарбыз бен нан жеген кезде нанды оң қолымен, қарбызды сол қолымен жеу.
10. Ыдыста қалған жұғынын сыйырып жеу (компот, айран секілді сусындардың қалдығына су құйып, шайқап ішу үлкен сауап. Қалып қойғанын кейін ішіп-жеу шартымен табақта, стаканда қалдыру рұқсат. Расулуллаһ алейһиссалам мүминнен артылған тамақты жегенді жақсы көретін).
11. Қолды жумас бұрын немесе майлықпен сүртпес бұрын саусақтардағы тамақ қалдықтарын жалау.
12. Соңында тісті мисуакпен немесе тіс тазартқышпен тазалау. Тістердің арасынан шығарылған қалдықтарды жұтпау керек. (Тісті оңаша жерде тазалаған жөн. Дастарханда отырған адамдарды жиіркендіру дұрыс емес).