Untitled Document

Сұхбат... Ең зиянды нәрсе

Аллаһу та’ала бос сөйлейтіндерді жақсы көрмейді. Бос сөйлеудің өзі осыншалықты жаман болса, зиянды нәрсе айтудың пәлекеті қандай болмақ? Хадис шәрифте: «Ең зиянды нәрсе көп сөйлеу» делінген. (Дәйләми).

Тілге ие болу, аз сөйлеу дініміздің әмірі. Құран кәрімде былай делінеді:

«Садақа беру, жақсылықты әмір ету және адамдарды татуластырудан басқа сөйлеуде, сыбырласуда қайыр жоқ». (Ниса 114).

Тілге ие болуға қатысты айтылған хадис шәрифтердің біршамасы төмендегілер:

«Тілін тыйған адам құтылады». (Тирмизи).

«Амандық қалаған адам үндемесін, тілін тыйсын». (Ибн Әбиддуния).

«Үндемеу хикмет, бірақ үндемей жүретіндер аз». (Дәйләми).

«Амалдардың ең қабыл болатыны тілін тыю». (Табарани).

«Жақсы сөзден өзге нәрселерде тілін тыйған адам шайтанды жеңеді». (Табарани).

«Аз сөйлейтін мүминге жақын болыңдар! Ол хикметсіз емес». (Ибн Мажә).

«Аллаһқа және ахиретке сенген адам не жақсылық айтсын, не үндемесін!» (Бұхари).

«Ең оңай ғибадат үндемеу және көркем мінез». (Ибн Әбиддүния).

«Мүмин алдымен ойланады, кейін сөйлейді, ал мүнафиқ (екі жүзді) ойланбастан сөйлейді». (Хараити).

«Көп сөйлейтін адам көп қателеседі, көп қателескен адамның өтірігі көп болады. Өтірігі көп болған адам тозаққа лайықты болады». (Табарани).

«Құтылу үшін тіліңді тый, үйіңде отыр, күнәларың үшін жыла!» (Тирмизи).

«Адамдарды тозаққа сүйрейтін тілдері». (Тирмизи).

«Тілін тыймаған адам толық иманға қауыша алмайды». (Табарани).