Untitled Document

Денсаулық... Сарымсақтың пайдалары

● Иммунитет жүйесін қуаттандырады.

● Қатерлі ісік ауруына себеп болатын заттарды денеден алыстатады.

● Микроб өлтіруші болып табылады.

● Жүрек және тамыр ауруларының алдын алады.

● Өте жақсы табиғи антибиотик.

● Тұмау және бронхитке қарсы әсерлі.

● Жасушалардың қалыптасуын жеңілдетеді.

● Бүйрек және қуық жолдарында тас пайда болуының алдын алады.

● Ас қорытуды жеңілдетеді.

● Қорғасыннан улануға қарсы жақсы әсер етеді.

● Әлсіздікке, қалжырауға және шаршауға қарсы жақсы әсері бар.

● Сіңір түйілулерінің алдын алады.

● Қызу көтерілуіне қарсы пайдасы бар.

● Дененің жас және қуатты болуын қамтамасыз етеді.

● Шаш төгілуінің алдын алады.

● Жылан уына қарсы жақсы пайдасы бар.

● Пикникке шыққанда және палаткада сарымсақ бар болса, зиянды жануарлар мен жәндіктерді жақындатпайды.

● Артериосклероз ауруына шалдыққан адамдарда зиянды холестеринді түсіріп, пайдалы холестеринді көтереді.

● Құяң (тұз байлану ауруы), демікпе, безеу және қант диабетіне қарсы жан-жақты әсер етеді.

● Созылмалы жұқпалы ауруларға шалдыққандар (дабыл қуысының қабынуы және көз қабынулары сияқты науқастар) жүйелі түрде сарымсақ жейтін болса өте көп пайдаларын көреді.

● Сарымсақ қосылған тамақтар кеш бұзылады. Сарымсақ сақтаушы болып табылады.