Сұхбат... Жындар туралы (1)
Аллаһу та’ала періштелерді, адамдарды және жындарды өзіне ғибадат етуі үшін жаратты. Періштелер күнәдан қорғалған жаратылыс. Құран кәрімде «Зариат» сүресінің 56-шы аятында «Адамдарды және жындарды Мені танып ғибадат етуі үшін жараттым» делінген. Адамдарды топырақтан, періштелерді нұрдан, жындарды оттан жаратқан. «Хижр» сүресінің 27-ші аятында «Адамнан бұрын жындардың бабасы болған Жанды оттан жараттық» делінген. Шайтан да жындардың тайпасынан шыққан. Негізгі аты Ібліс болған шайтанның басқа бір аты Әзәзіл.
Жындардың мұсылманы да, мұсылман емесі де бар. Мұсылман жындардан адамдарға ешқандай зиян келмейді. Олар тек ғибадат жасайды. Оларды әһли сүннет ғалымдары таниды. Салих (тақуа) адамдар секілді көрініп сөйлеседі. Ал кәпір жындар адамдарға әртүрлі жолдармен зиян тигізеді. Адамнан айрылмай әртүрлі кейіпке енеді. Мысалы микроб пішініне еніп адамның тамырларында жүреді. Тек мұсылмандардың жүрегіне кіре алмайды, бірақ уәсуәса бере алады. Ешкі, жылан, мысық кейпіне кіргендері көп байқалған. (Саәдәти Әбәдия).
Кәпір жындар жақсы адам бейнесіне кіріп, жақсы және пайдалы нәрселер де істеуі мүмкін. Жындар адамдардың кәпірлерімен және пасықтарымен жолдас болса, оларға жабысып, оларды күпірге және күнәға сүйрейді. Жындар мен шайтандар түсте де көріне алады. Әдемі, сұлу бейнеге еніп жүніп болуға себеп болады.
Әр адамның қасында бір кәпір жын жүреді. Періштелер адамды жындардың зиянынан қорғайды. Аяттар мен дұға оқып, Аллаһу таалаға сиынғандарға да жындар ешнәрсе істей алмайды.
Жындардың адамдарға аурулардың емін және керекті дәрілерді білдіргендері, қояншық, талма аурулармен ауырғандардың денесіне кіріп, оған зиянын тигізгені, адамдарға көздерінің тиетіндігі туралы кітаптарда жазылған.