Untitled Document

Отбасы... Бала тәрбиелеу

Балаларды адал ас-ауқатпен азықтандырып өсіру керек және олар өскен кезде де адал жолмен ризық табуын қамтамасыз ететін дағдыларды кішкентай кезінен бастап үйрету қажет. Ата-ананың балаларына қалдыратын ең үлкен мұрасы — оларды оқыту және адал еңбегімен күн көре алатын мамандық иесі ету.

Бала балиғат жасына жеткеннен кейін егер ол отбасылық жауапкершілікті көтере алатын болса, оны үйлендіру керек. Егер үйлендірмей, нәпсіне еріп жаман әрекетке барса, оның күнәсіне ата-анасы да ортақ болады. Бала — Аллаһтың аманаты. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай дейді:

«Жаңа туған әрбір сәби мұсылмандыққа бейім болып туады. Кейіннен ата-анасы оны христиан, яһуди немесе басқа дінге түсіреді».

Сондықтан Аллаһтың аманаты болған балаларды осы таза болмысында тәрбиелеу керек, сол табиғи болмысқа сай тәрбие беріп, аманатты иесіне бұзылмаған күйінде қайтару қажет. Оған қажетті білімдерді, көркем мінез бен құлшылық амалдарын үйрету керек. Тәрбиелеуші ата-ананың өзі де өмір сүру салтымен балаға үлгі әрі жетекші бола алуы тиіс. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тағы былай дейді:

«Бәрің де бір-бір отардың шопаны сияқтысыңдар, және әрбірің қол астындағылар үшін жауап бересіңдер!”