Untitled Document

Денеміз... Еркек пен әйелдің айырмашылығы

Қан: Еркектерде шамамен 4,5 литр, ал әйелдерде 3,6 литр қан бар.

Температура: Еркектердің дене температурасы әйелдердікіден жоғарылау болады.

Су: Еркектің денесінің су мөлшері 60-70 пайыз, ал әйелдердікі 50-60 пайыз аралығында болады.

Скелет: Еркектердің иықтары кең, қолдары мен аяқтары ұзындау болады. Әйелдердің жамбастары кең, буындары иілімді болады.

Дауыс: Әйелдердің дауыс шымылдығы қысқа болатындықтан, дауыстары жіңішке болады.

Сезім мүшелер: Әйелдердің есту және иіскеу сезімдері күштірек болады. Ал еркектің көзі күштірек.

Май: Әйелдерде май ұлпасы дененің 27 пайызын, еркектерде 15 пайызын құрайды.

Бұлшық еттер: Еркектер 50 пайыз көптеу бұлшық ет күшіне ие және әйелдерден 1/3 мөлшерде қуаттырақ болады.

Балиғат жасы: Еркек балиғат жасына 10-15 жас, әйел 9-14 жас аралығында жетеді.

Өмір: Еркектердің орташа өмір жасы 71,5 жыл, әйелдерде 78 жыл.

Аяқ: Еркектердің аяқтары ұзын және қуатты болады.

Дене өлшемдері: Еркектің бойы орташа 175 см, салмағы 73,5 кг, көкірегінің айналасы 98,5 см, белі 80,4 см болады. Әйелдің бойы орташа 160 см, салмағы 61,2 кг, көкірегінің айналасы 90,1 см, белі 74,3 см болады.

Спорт: Еркектер әйелдерден жылдам, ал әйелдер төзімді болады.

Жүзу: Әйелдер терілерінің астындағы май қабатының себебінен жақсы жүзеді.

Ауру: Еркектер аз ауырады.

Шаш: Әйелдердің шаштары тығыз және төзімді болады.

Жылау: Әйелдер 5 есе көп жылайды.

Өкпе: Еркектердің өкпелері 50 пайыз кеңдеу болады.

Ми: Еркектедің милары 14 пайызға ауыр болады.

Жүректің соғуы: Еркектердің жүрегі үлкендеу болады және жай соғады. Минутына орташа 72 рет, ал әйелдерде 80 рет соғады.

Жетілу: Балиғат жасына дейін қыздар жылдамырақ өсіп жетіледі. 

Ыстыққа шыдамдылық: Әйелдер май ұлпаларының қалындығы себебінен суыққа шыдамдырақ болады.

Дем алу: Еркектер минутына орташа 16 рет, ал әйелдер 20-22 рет дем алады.