Сұхбат... Мейірім және жомарттық
Мейірім иманнан туындайды. Бұл дін осы күнге дейін мейірім арқылы жеткен. «Ант етіп айтамын, кімде-кім Аллаһу та’аланың махлұқтарына (жаратқандарына) мейірімділік танытса, Аллаһ оған да мейірімділік танытады» хадис шәрифі мейірімнің маңызын білдіруде. Расулуллаһтың хазреті Хасан мен хазреті Хусейнді сүйгенін көрген бір кісі «Менің он балам бар. Әлі ешбірін сүймедім» дейді. Ол адамға «Мейірімділік жасамаған адам мейірімге қауыша алмайды» деп жауап береді. «Жомарттық – жақсы мінез болғаны соншалық, ол адамның жаман мінездерін жабады. Сараңдық – жаман мінез болғаны соншалық, адамның жақсы мінездерін жабады» хадис шәрифі жомарттықтың жақсы екенін, ал сараңдықтың жамандығын көрсетуде. Сараң болған ешбір адам Аллаһтың досы бола алмайды. Әулие адамдар әрдайым барын беретін еді. Берген кезде алған адамнан да көбірек қуанған кісі – шынайы мүмин деген сөз. Жомарттық – Хақ та’ала өте жақсы көретін қасиеттердің бірі. Бұл нәрсе әр құлға нәсіп болмайды. Жомарт болған кәпірге соңғы демінде иман нәсіп болу ықтималы өте жоғары.
Ұлы ғалымдарымыз «Әссахиу хабибуллаһ уәләу канә фасиқан. Әл-бахилу адууллаһ, уәләу канә арифән (яғни жомарт адам күнәһар болса да, Аллаһтың сүйіктісі. Ал сараң ғалым, тақуа болса да, Аллаһу та’аланың дұшпаны)» деген. «Жомарттың дастарханындағы ас – шипа. Ал сараңның дастарханындағы ас – дерт, у болады» хадис шәрифі дәл осы жағдайдың ауыртпалығын білдіруде. Адамдарға бастық болайын деп жатқан адамнан талап етілетін алғашқы қасиет – жомарттық пен мейірімді болу.