Ғибрат... Хазреті Талха
Хазреті Талха бин Абдуллаһ сүйікті пайғамбарымыздың: «Талха мен Зубайр жәннатта менің көршілерім болады» деген хадис шәрифімен мадақталған сахаба. Атасы хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың атасымен бауырлас. Өте бай болып, байлығын Аллаһ жолында жұмсаған.
Хазреті Талха сауда жасау мақсатымен сапарларға шығатын. Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар боларынан алдын Басраға сауда керуенімен кеткен еді. Сол кездері жәрмеңкеде бір поп базар халқынан:
– Араларыңда меккелік адам бар ма?,- деп сұрап жатады. Хазреті Талха дереу жауап береді:
– Иә, Мен Меккеденмін.
– Ахмед есімді кісі шықты ма?
– Ахмед деген кім?
– Абдуллаһ бин Абдулмутталибтің ұлы. Сол қала оның шығатын жері. Ол пайғамбарлардың соңғысы,- дейді.
Бұл сөздер хазреті Талханың көңілінен кетпей қояды. Меккеге келгенінде адамдардан сұрайды:
– Мен жоқ кезде бұл жерде бір өзгерістер болды ма?
– Иә болды. Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед өзін пайғамбар деп танытуда. Әбу Бәкір де оған мойынсұнды.
Хазреті Талха естіген хабарының қуанышымен тура хазреті Әбу Бәкірге барып сұрайды:
– Ей, Әбу Бәкір! Естігендерім рас па?
– Иә, естігендерің рас!
– Ол туралы не ойлайсың, не білесің?
– Ол Аллаһтың Расулы және әлемге мейірім ретінде жіберілді. Адамдарды жалғыз болған Аллаһтың дініне шақыруда. Мен оның шақыруын қабыл еттім.
– Олай болса мені оған алып бар!
Хазреті Әбу Бәкір хазреті Талханы Расулуллаһқа алып барады. Хазреті Талха Расулуллаһтың алдында «Куәлік етемін, Аллаһтан басқа илаһ жоқ және куәлік етемін Мұхаммед Оның құлы және Расулы!» деп иман келтіреді. Осылайша Ашара-и мубашшарадан (жәннатпен сүйіншіленген) болды.