Сіз білесіз бе? Киелі жерлер мен қасиетті уақыттар
Асыл дініміз Исламда кейбір жерлер басқа жерлерге қарағанда киелірек, кейбір адамдар өз қатарынан құрметтірек болғаны сияқты, кейбір уақыттар да басқаларына қарағанда киелірек, қасиеттірек, мүбәрәк қылынған.
Қасиетті мекендердің басында «Мәсжид-и Харам», «Мәсжид-и Нәбәуи», «Мәсжид-и Ақса», «Мәсжид-и Құба» болып, Аллаһу та'алаға ғибадат жасалатын барлық мешіттер, Оның бұйрықтары мен тыйымдары үйретілетін жерлер тұрады.
Қадірлі, құрметті адамдардың басында «Улул-азм» пайғамбарлар, расул және нәби пайғамбарлар тұрады. Олардан кейін үстемдік ретінде асхаби кирам (бүкіл сахабалар), табиин және тәбә-и табиин бастаған басқа да ғалымдар мен әулиелер бар.
Берекетті, қайырлы, пайдасы көп, фәйз-берекелі деген мағынадағы «мүбәрәк» атауымен сипатталған және ислам дінінде қадірлі саналған он түн бар, бұлар хронологиялық реті, яғни хижри-қамари жыл ішінде орналасуы бойынша мыналар:
1) Мухаррамның 1-ші түні (хижри жаңа жыл түні).
2) Ашура (10 мухаррам) түні.
3) Мәуліт түні (12 рабиул әууәл түні).
4) Рағаиб түні (ражаб айының алғашқы жұма түні).
5) Миғраж түні (ражаб айының 27-ші түні).
6) Бәрат түні (шабан айының 15-ші түні).
7) Қадір түні.
8) Ораза айттың 1-ші түні.
9) Арапа түні (зүл-хиджа айының 9-шы түні).
10) Құрбан айттың 1-ші түні (зүл-хиджаның 10-шы түні).
Одан бөлек Ораза айт және Құрбан айттың басқа да түндері, зүл-хиджа айының алғашқы он түні, мухаррамның алғашқы он түні және әр жұма мен дүйсенбі түндері де мүбәрәк саналады.