Сұхбат... Дұғаның қабыл болатын уақыттары
Азан айтылып жатқанда және азан мен қаматтың арасында жасалған дұға, Құран кәрім оқылып жатқанда, Құран кәрім хатым етілгенде, қасиетті Қағбаны көрген кезде, жаңбыр жауып жатқанда, дұшпанмен қарсыласқанда, зұлымдыққа ұшыраған кезде, жамағат болғанда, парыз намаздардан кейін, көңілде нәзіктік сезілген кезде, жұма күні, Ражаб айының 1-ші, Шабанның 15-ші түні, Рамазан айттың 1-ші түні, Арапа күні, Рамазан айының күндіздері, ауызашар уақытында және сәре уақытында жасалған дұғалар қабыл болады.
Дұға еткенде Әсма-и Хуснамен және Исми Азаммен оқу, бидғаттардан сақтану, ғафлеттен ұзақ болу, ояу болу, халалдан ішіп-жеу, харамдардан қашу керек.
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Азан мен қаматтың арасындағы дұға қабыл болады». (Тирмизи).
«Құран кәрімді хатым еткен адамның дұғасы қабыл болады». (Бәйһақи).
«Риққат (көңілдің нәзіктігі, жұмсақтығы) күйіндегі дұғаны ғанибет деп біліңдер». (Дәйләми).
«Қажылық еткендердің дұғасы қабыл болады». (Табарани).
«Құран кәрім және азан оқылып жатқанда, дұшпан әскерімен қарсыласқанда, жаңбыр жауып жатқанда, зұлымдыққа ұшырағанда дұғалар қабыл болады». (Табарани).
«Жамағаттың бір бөлігі дұға етіп, екінші бөлігі әмин десе, ол дұғаны Аллаһу та’ала қабыл етеді». (Хаким).
«Бес уақыт намаздардан кейін жасалған дұға қабыл болады». (Бұхари).
«Исми Азаммен жасалған дұға қабыл болады». (Ибн Мажә).
«Әр түні сәре уақытында Аллаһу та’ала былай деп бұйырады: Истиғфар ететін адам жоқ па, кешірейін. Тілейтін адам жоқ па берейін, дұғасын қабыл етейін». (Мүслим).
«Аллаһу та’алаға жалбарынып жасалған дұға қабыл болады». (Әбу Яла).