Ғұлама... Мухиддин Араби
Шәйх әкбар Әбу Бәкір Мухаммед бин Әли – дін ғұламасы еді. Андалусия елінде (Испания) туылып, 1240 жылы Шам (Дамаск) қаласында қайтыс болды. Фиқһ және кәлам ілімдерінде жетік ғалым болған. Коня қаласына келіп Садриддин Коняуидің жесір анасына үйленеді. Өте зерек және есте сақтау қабілеті де өте керемет еді. Сұлтандардан және әкімдерден (уәзірлерден), мырзалардан көп құрмет көретін еді. Барын мұқтаждарға тарататын. Көптеген кітаптар жазды. Жазғандарын түсіну үшін ғалым болу керек.
Мухиддин Араби хазрет өмір сүрген дәуірде оның түсінілмеген сөздерінің көпшілігі кейіннен кейбір себептермен анықталды. Сондай өз дәуірінде мағынасын ешкім түсінбеген сөздерінің бірі мынау: «Екі темір бір-біріне соғылғанда ұзақтан дыбыс келеді және темірлер жерге түскенде ұзақтар жақын болады!»
Арадан ғасырлар өткен соң бұл сөздердің біріншісін телеграфтың шығуын, екіншісін болса, темір жолдың және поездің шығуын меңзеп айтқаны белгілі болды. Сонымен қатар электр тоғын тағы басқа да нәрселерді ашқан Эдисон еңбектерінде Мухиддин Араби хазретті «ұстазым!» деп атап өткен.
Тағы бірде Шамның маңындағы бір төбеге шығып сол жерде болғандарға: «Сендердің табынғандарың менің аяғымның астында» дегенде адамдар түсінбей, жамандаған еді. Явуз Сұлтан Салим хан Шам (Дамаск) қаласын алған кезінде Мухиддин Арабидың бұл сөздерді қай жерде айтқанын сұрастырып, әлгі төбені табады. Сұлтан Салим хан ол жерді қазыңдар деп бұйырады. Қазылған жерден көптеген алтын шықты. Осылайша Мухиддин Араби хазреттің адамдарға «табынғандарың» деп айтқан сөзінің мағынасы белгілі болды. Яғни «Сендер алтынға, ақшаға және дүние малына табынып кеттіңдер» деп айтқысы келгені мәлім болды.