Untitled Document

Сұхбат... Жолға шығарда не оқу керек

Сұрақ: Сапарға шығарда оқылатын дұға бар ма?

Жауап: Сапарға шығатын адам екі рәкат намаз оқуы керек және садақа беруі керек. Хазреті Заһид Әбул Хасан Ғазуи «Сапарға шығарда «Қурайш» сүресін оқыған адам бүкіл жамандықтардан амандықта болады» деп хабар берген. (Шира).

Үйден шығарда «Аятүл күрси» оқыған адам үйіне қайтқанша бәлелерден амандықта болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үйінен шығарда Аятүл күрси оқыған адамға жетпіс періште ол адам үйіне қайтқанға дейін дұға және истиғфар айтады». (Әййуһәл уәләд илмихалы).

«Үйінен шығарда «Бисмиллаһи тәуәккәлту ъалаллаһи, Ла хаулә уәлә қууәтә илла биллаһ» деген адам қауіп-қатерден сақталады, шайтан одан алыстайды». (Тирмизи).

 

Сұрақ: Сауда-саттық, қажылық, зиярат, қонаққа бару, білім алу секілді себептермен жолға шыққанда не істеу керек?

Жауап: Білім алу үшін жолға шығып жатқан болса, үйренетін білімі уәжіп болған білім болса, онда ол адамға жолға шығу уәжіп болады. Үйренетін білімі нәпіл болса, сапары да нәпіл болады. Уәжіп болған білімді үйрену үшін жолға шығу өте құнды нәрсе. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ілім алу үшін үйінен шыққан адам үйіне қайтып оралғанша Аллаһ жолында болады». (Тирмизи).

Қажылық, жиһад секілді ғибадат мақсатымен де жолға шығу жақсы болады. Әулиелердің қабірлерін зиярат ету де үлкен сауап. Сапар шеккенде салих ғалымдарға қонаққа бару, жағдайларын сұрау керек. Өйткені салихтердің жүзіне қарау ғибадат саналады. Адам жаман қоғамда қалып қойса, күн өткен сайын мінез-құлқы бұзылады. Жамандардан ұзақ болу үшін сапар шегу жақсы болады. Бұл пайғамбарымыздың сүннеті. Жақсы адамдар тұратын аймақтарға барған жақсы болады. Күнкөрісі қиын болған жерден жұмыстары оңай болған жерге барудың зияны жоқ. Ата-анаға қарсы шығып сапар шегу дұрыс емес.