Халал ризық іздеу
Сұрақ: Ризық жайында мәлімет бересіз бе?
Жауап: Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелден тағдырға жазған, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның ризығы да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді. Осы жөніндегі аяти карималардың бірнешеуінің мағынасы мынадай:
«Аллаһтың кімге көп, кімге аз ризық бергенін көбі білмейді». (Сәбә 36).
«Аллаһтан қорқатын адамға күтпеген жерінен ризық келеді». (Талақ 2, 3).
Кімде-кім Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеп, ризығын халал жолдан іздесе, ежелде белгіленген ризығына қол жеткізеді. Бұл ризық оған берекетті болады.
Адам ризығын іздегеніндей, ризық та иесін іздейді. Көптеген кедейлер бар, байлардан да жақсы, бақытты өмір сүреді. Аллаһу та'ала өзінен қорқатындарға, дінін берік ұстанатындарға күтпеген жерінен ризық жібереді. Аллаһу та'ала адамдарды жаратып жатқанда өмірлері сияқты ризықтарын да тағдырға жазған. Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің кейбірлері төменде:
«Аллаһу та'ала мұсылманның ризығын күтпеген жерден береді». (И.Хиббан).
«Аллаһтан қорқыңдар, тілектеріңе жету үшін жақсы себептерге жүгініңдер. Жаман себептерге жоламаңдар! Ешкім тағдырда белгіленген ризығына жетпейінше өлмейді». (Хаким).
«Ажалдарың сендерді қалай аңдып жүрген болса, ризықтарың да солай аңдиды. Егер ризыққа жету үшін қиыншылық көретін болсаңдар, Аллаһу та'аланың бұйрығына сай әрекет етіңдер». (Табарани).
«Аллаһтан қорқуды өзі үшін байлыққа айналдырған адам ризығына саудасыз және байлықсыз жетеді». (Табарани).
«Аллаһу та'алаға толық тәуекел еткендеріңде, таңертең аш кетіп, кешке тоқ қайтатын құстар сияқты ризыққа жетер едіңдер». (Тирмизи).
«Ризыққа қауышқан адам көп хамд (шүкір) етсін». (Хатиб).