Untitled Document

Сұхбат... Нәпісті тәрбиелеу

Сұрақ: Нәпісті тәрбиелеу үшін не істеу керек?

Жауап: Жануарларда ақыл мен нәпіс болмағандықтан, олар өз қажеттіліктерін тауып қолданады. Денелеріне зиянын тигізетін, өздеріне ауыртпалық беретін нәрселерден сақтанады.

Ислам діні рахат және бақытты өмір сүруге қажет болған нәрселердің және дүниелік ләззаттардың пайдалы болғандарына тыйым салмайды. Оларға қол жеткізуде және қолдануда сәлим (қателік жібермейтін кәміл) ақылды және дінді ұстануды әмір етеді. Адамдардың дүниеде де, ахиретте де рахат және бақытты өмір сүруін қалайды. Сондықтан сәлим ақылды ұстануды әмір етіп, нәпіске еруге тыйым салады. (Сәлим ақыл тек қана пайғамбарларда болады). Нәпсіне ерген адам ислам дінінің сыртына шығады. Өйткені нәпсіміз үнемі жамандық жасауды қалайды. Ол Аллаһтың дұшпаны.

Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Негізгі дұшпаның – сені өлтіргенде сені жәннатқа кіргізетін немесе оны өлтіргенде саған сауап берілетін адам емес. Негізгі дұшпаның – өз нәпсің, жанұяң және бала-шағаң». (Дәйләми).

Ақыл жаратылмағанда, адам үнемі нәпсіне еріп, пәлекеттерге душар болар еді. Нәпіс болмағанда, адам өмір сүруде және мәдени өмірге ұмтылуда кемшілік жіберер еді. Нәпіспен күресу сауабынан мақұрым қалар еді. Періштелерден де үстем болу жолы жабық қалар еді. Бір хадис шәрифте айтылғанындай:

«Ахиретте өздері туралы сендердің білгендеріңді жануарлар да білгенде, тамаққа ет таба алмайтын едіңдер!» (Бәйһақи).

Islamdini.kz