Untitled Document

Денсаулық.... Асқорыту жүйесінің бұзылуы

Асқорыту жүйесінің бұзылуы көбінесе жаман әдеттердің нәтижесінде пайда болады. Белгілері: асқазанда ауырлық сезімі, тітіркену, түршігу,  қыжыл, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас ауруы, құсу және т.б. Нашар қорытылған азық асқазаннан өткеннен кейін ішекте мына белгілер басталады: Желдену, іштің үрленуі, іш қатуы немесе іштің өтуі.

● Жақсылап және ақырын шайналмаған азықтар асқорыту ағзаларында ашиды.

● Тамақтанғанда ішілетін сұйықтықтар асқазанды үрлетеді және шаршатады. Бір стакан су ішуге болады.

● Көп тамақ жеу – асқорыту жүйесінің нашарлауының басты себебі. Сондықтан дастарханнан тоймастан тұрып кету керек.

● Астың қортылуы үшін қалыпты жағдайда 4-5 сағаттай уақыт қажет. Аптасына бір күн болса да, асқорыту мүшелерін тынықтырып тұру керек.

● Тамақтану уақыттары арасында жеу асқазанды шаршатады және жүйкелердің қорын азайтады. Түскі ас пен кешкі ас арасында қосымша «жүрек жалғау» ересектер үшін керек емес.

● Шаршаулы, ұйқысыз және жүйке жұқарған кезде жеу, асқорытуға жәрдемші бола алмайды.

● Ұрыс-керіс, талас-тартыс, қатты қобалжу, ашу-ыза, жек көрушілік, өшпенділік сияқты негативті эмоциялар асқорыту мүшелеріне кері ықпалын тигізеді.

● Ыстығы бар кезде жеу температураның артуына себеп болады.

● Тамақтанғаннан кейін бірден жатуға болмайды.

● Шамадан тыс ас қоспалары, қыша, сірке суы, қарабұрыш... асқазанның химиялық құрамын бұзады.

● Піспеген жемістер өте қышқыл болатындықтан аулақ болған жөн.

● Қуырылған тағамдардың қорытылуы қиын болады.

● Көп мөлшерде шекер тұтыну асқорыту жүйесінің бұзылуына жол ашады.

● Шай, кофе, какао... ас қорыту жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін бұзады.

● Бір отырғанда әртүрлі тағамдар жеу ас қорытуда қиындық тудыруы мүмкін.

● Сағыз және осыған ұқсағандар асқазандағы қышқылдың көбеюіне себеп болады.