Untitled Document

Сұхбат... Кәлима-и тәуһидтің құндылығы

«Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун Расулуллаһ» сөзінің қысқаша мағынасы: «Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммед алейһиссалам Оның Расулы» дегенді білдіреді. Бұл кәлиманы «кәлима-и тәуһид» деп атайды. Мұсылмандар әр мезетте айтып жүретін кәлима-и тәуһидтің құндылығы өте зор. Хадис-шәрифтерде былай делінген:

«Лә илаһә иллаллаһ деген адам бәле мен қиындықтардан құтылады». (Бәззар).

«Лә илаһә иллаллаһ деп көп айтып имандарыңды жаңалаңдар!». (Табарани).

«Зікірдің (Аллаһты еске алудың) ең құндысы – «лә илаһә иллаллаһ» деу». (Нәсаи)

«Лә илаһә иллаллаһ деп айту 99 бәленің алдын алады. Олардың ең төмені – қиыншылық». (Дәйләми).

«Лә илаһә иллаллаһ деп айтқан адамның күнәлары жойылып, орнына соншалықты мөлшерде сауап жазылады». (Әбу Йала).

«Лә илаһә иллаллаһ – жәннаттың кілті». (И. Ахмед).

«Өлім халіндегілерге «лә илаһә иллаллаһ» деп айтуын талқын етіңдер, оларды жәннатпен сүйіншілеңдер. Шайтанның адамға ең жақын сәті осы уақыт». (Әбу Нуайм).

«Ауыр халдегі науқасқа «лә илаһә иллаллаһ» деп айтқызу үшін қинамаңдар, тек есіне салып тұрыңдар». (Дара Кутни).

«Соңғы сөзі «лә илаһә иллаллаһ» болған адамның рухы оңай шығады және ол сөзі қияметте оған нұр болады». (Хаким).

«Лә илаһә иллаллаһ деп жүрген адамды істеген күнәларына байланысты кәпір демеңдер! Оған кәпір деген адамның өзі кәпір болады». (Бұхари).

«Күнде 100 рет «лә илаһә иллаллаһ» деген адамның жүзі қиямет күні толған айдай болып жарқырайды». (Табарани).

(Жүзіншісінде «Мухаммәдун Расуллуллаһ» деп қосып айтқан жақсы болады. Тәжуидпен оқылғанда «Мухаммәдур-расулуллаһ» деп айтылады).

«Харамнан сақтанып, ықыласпен «лә илаһә иллаллаһ» деген адам жәннатқа кіреді». (Хатиб, Табарани).