Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарымыздың мінген аттары

Пайғамбарымыздың Мәдинада Бәни Фәзаралардан бір бәдәуиден он уқйә (1283 грамдық көне өлшем бірлігі) күміске сатып алған, шөл халқы Дарис деп, пайғамбарымыздың өзі Сәкб деп атаған алғашқы аты болды. Ухуд соғысында соған мінген.

Сәкбтің ернінде ақ таңбасы бар болатын. Алдыңғы оң аяғынан басқа аяқтары тізеге дейін ақ түсті еді. Сәкб жақсы жүретін, жорға болған. Жүргенде судай ағатын. Пайғамбарымыз Мүртәжиз деген атын Бәни Мүррелерден бір бәдәуиден сатып алған. Муртәжиз өте көрікті ат еді және ол өлең айтқандай кісінейтін.

Лизаз деген жылқысын пайғамбарымызға Александрия патшасы Муқауқыс сыйлаған. Лизаз жылдам жүретін ат болған. Зариб деген атты пайғамбарымызға Фәруә бин Умәйр-ул-Жузами сыйлаған. Зариб өте күшті және мықты ат болған.

Лахифті (немесе Лухайф) пайғамбарымызға Рәбиа бин Әбу Бәрәул-Кәлби сыйлаған. Лахифтың құйрығы жерге тиетіндей ұзын болған. Ясуб – пайғамбарымыздың аттарының ішіндегі ең жақсы аты болған. Мурауих – бәйгеге шабатын ат болған, Убәйд бин Ясир оны пайғамбарымызға Тәбүкте сыйға тартқан. Мурауих жел ескендей шабатын.

Мируах – хижреттің оныншы жылында Мәдинаға келген Бәни Рәха өкілдері пайғамбарымызға сыйға тартқан ат. Оны пайғамбарымыздың алдында жүргізген кезде пайғамбарымызға қатты ұнаған болатын.

Уәрд деген атты пайғамбарымызға Тәмими Дәри сыйлаған. Уәрдтің түсі торы болатын. Пайғамбарымыз оны хазреті Омарға сыйға берген. Хазреті Омар Уәрдке мініп, Аллаһтың жолында соғысты.