Сұхбат... Пайғамбарымыздың тәбәрік үйі
Пайғамбарымыз Мәдинада мешітін салдырған кезде мешіттің жанына кірпіштен екі бөлме салдырған, оның үстін құрма ағашы мен бұтақтарымен жапқызған.
Хазреті Айшаның бөлмесінің есігі мешітке баратын жолға қарайтын. Хазреті Сәудә үшін салынған бөлменің есігі мешіттің үшінші есігі болып табылатын Ал-и Осман есігіне қарайтын.
Пайғамбарымыз басқа әйелдер алғаннан кейін бөлмелердің саны артты және олар хазреті Айшаның бөлмесі мен құбыла арасында, яғни мешіттің шығыс тарапында салынды. Бөлмелердің біразы кірпіштен, біразы тастан салынды.
Кейбірлері құрма бұтақтарынан (Бағдат тәсілімен) жасалып, үсті балшықпен сыланған және құрма бұтақтарымен де жасалды.
Хасан бин Әбулхасан айтады: «Мен ер жеткен шағымда Расулуллаһтың үйіне кіріп, қолымды созғанда қолым төбесіне жеткен болатын. Расулуллаһтың бөлмесінің бастырмасы сауыр ағашы немесе арша ағашының үстіне керілген қыл тоқымадан тұратын».
Имам Бухаридың хабарлауы бойынша: «Расулуллаһтың үйінің есігі қалқасыз болып, есікті қағатын адам садақтың ұшымен қағатын».
Халифа Абдулмәліктің пайғамбарымыздың әйелдеріне тән бөлмелерінің тәркіленіп, мешітке қосылуы туралы бұйрығы келіп, Мәдинада оқылған күні біраз адамдар көз жастарын төгіп, мәдиналықтар пайғамбарымыз қайтыс болған күнгідей көз жастарына ерік берген еді.
Саид бин Мусәййәб: «Уаллаһи, олардың сол қалпында қалғандарын қатты қалайтын едім. Мәдина халқының жеткіншектері және Мәдинаға сырттан келгендер Расулуллаһтың қандай нәрселермен күнелткенін көріп, адамдар мал-мүліктерін көбейтуге және соларға мақтануға әуес болмас еді» деп осы мәселедегі ренішін білдірген.