Денсаулық... Дұрыс тамақтану (2)
3. Артық тамақтану туралы Ислам не дейді?
Аллаһу та’ала Құранда айтқан:
«Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Расында, Аллаһ ысырап етушілерді жақсы көрмейді». (Араф сүресі, 31-аят).
Яғни Аллаһу та’ала тамақтануға рұқсат берген, бірақ шектен шығуға тыйым салған.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (алейһиссалам) айтқан:
«Адам баласы ешбір ыдысты қарнынан артық толтырған емес. Адам баласына бірнеше жұтым азық та жеткілікті. Егер міндетті түрде тамақ ішетін болса, онда қарнының үште бірін тамаққа, үште бірін суға, үште бірін ауаға (яғни бос кеңістікке) арнасын». (Тирмизи).
Бұл хадис шәриф тамақ мөлшерін бақылауда ұстау керек екенін көрсетеді. Қарынды толтырып ішу Исламда құпталмайды.
4. Шынайы нәтиже үшін не істеу керек?
Ұсыныстар:
1. Тамақтан бұрын бір стакан жылы су ішіңіз — бұл асқазанға сигнал береді.
2. Тойып емес, аш қалмайтындай тоқ болу жеткілікті.
3. Түскі және кешкі асты ең жеңіл етіп ұйымдастырыңыз.
4. Теледидар қарап немесе телефон шұқылап отырып тамақ ішпеңіз.
5. Тәбет пен шынайы аштықты ажырата біліңіз.
6. Күнделікті бір мезгіл аш жүріңіз – бұл сүннет әрі ішкі ағзаларға демалыс береді (мысалы: ауыз бекіту, яғни ораза).
Қорытынды:
Артық тамақтану — тек қарын шығару емес, бұл ағзаның барлық жүйесіне жасырын соққы болып тиеді. Жүйелі түрде жалғасқан артық тамақ адамның денесін ауырлатып, рухани да, физикалық та әлсіздікке алып келеді. Ал ислам бізді орта жолға, ұстамдылыққа, тәуекел мен сабырға, денсаулықты сақтау мен ысыраптан тыйылуға үйретеді.