Untitled Document

Минимализм және минималист

1960-жылдардан бері әлем бойынша жиі талқылана бастаған минимализмнің түп-тамыры шын мәнінде Қиыр Шығыс философиясына барып тіреледі. Жалпы алғанда, бұл өмір салтын «аз тұтыну – көп тыныштық» деп сипаттауға болады. Ол – өмірдегі артық-кем дүниелерден арылып, тек шынайы қажет нәрселермен шектелу дегенді білдіреді.

Ал минималистік өмір дегеніміз не? Адам өміріндегі материалдық және рухани дүниелерді қажеттілік деңгейіне дейін азайтып, сол арқылы өмірге көбірек назар аударуға мүмкіндік беретін, еркіндік, жайлылық және өмір сапасын арттыратын көзқарас.

Минималистік өмір салтын танып-білу арқылы өміріңізді қайта құра аласыз. Үйіңіздегі артық заттардан арылу – бұл тек физикалық кеңістікті ғана емес, сонымен қатар жан дүниеңізді де тазартады. Жүктеріңізден, артық дүниелеріңізден құтылыңыз. Сонда үйде, жұмыста және жан-дүниеңізде қарапайымдылықтың ләззәтін, минималистік өмірдің ерекшелігін сезінетін боласыз. Аз зат – көп тыныштық.

Ал енді аз дүниемен өмір сүруге қалай көшуге болады? Қарапайым өмір сүру, азға қанағат ету – бұл оңай шаруа емес екенін білемін. Әдеттерден арылу бастапқыда қиын болуы мүмкін. Бірақ осы шешім – өміріңде қабылдаған ең дұрыс шешімдердің бірі болмақ.

Ұзақ уақыт бойы қолданбаған, шын мәнінде саған аса қажет емес екенін байқаған заттарыңнан баста. Алдымен оларды күнделікті қолданатын жерлерден алып тастап, кейін олардан біржола құтылғаның жөн. Өмір сүру үшін қанша қажет болса – дәл сонша қалдыру жеткілікті болады. Бақыт үшін, тыныштық үшін және ең бастысы – қарапайым, аз дүниемен өмір сүру үшін. Артық та емес, кем де емес...

Келесі кезеңде дұрыс заттарды, дұрыс орынға қойып, қарапайым сәнділікті ұстана аласың. Қарапайым өмір сүру – саған барлық жағынан пайдалы болады.

Күбра Жан Қаража