Сұхбат... Егін шаруашылығы
Егіншілік, диханшылық – Аллаһу та’аланың жәрдеміне сүйеніп еңбек ету және істеген ісін Оған тапсыру болып табылады. Бұл дегеніміз нағыз тәуекел. Өйткені егістікке егілген нәрсенің жемісін көру Аллаһу та’аланың беруіне, нәсіп етуіне байланысты. Бұған құлдың (пенденің) ешқандай қатысы жоқ. Ол тек қана егіннің тұқымын топыраққа егеді. Ал оның өсіп жетілуін, астық беруін Аллаһу та’аладан күтеді.
Мыңдаған адамдардың күнделікті жейтін азықтарына диханшының сіңірген еңбегі мол. Тіпті бір тілім нанның өзіне көптеген адамның еңбегі сіңген. Диханшы, комбайыншы, механик, ұста, наубайшы және т.б. Егер сол бір тілім нан Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарының бірінің азығы болса, оның істеген бүкіл сауаптары осыған еңбегі сіңген жүздеген адамдардың амал дәптерлеріне жазылып, тозақ отынан азат етілуіне себеп болады.
Егіншілікпен айналысатын адам тек адамдарға ғана емес, жер бетіндегі құрт-құмырсқаларға, құстарға және барлық жан біткендерге пайдалы болуда. Оның еккен егінінен барлығы да пайдалануда. Олардың жеген әрбір азықтарынан түскен сауап диханшыға да беріледі және жәннатта марапатталуына себепші болады.
Олай болса диханшылар Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мән беруі керек және егін шаруашылығын дінімізге сай жасауы керек. Осылайша уәде етілген сауаптарды алады және харам, күмәнді нәрселерді жеуден сақтанады. Егіншілікпен айналысатын адам егістік өнімдерінің зекетін яғни ұшырын беруі керек. Ұшыр – алынған өнімнің оннан бір бөлігін кедейлерге беру дегенді білдіреді. Өнімнің ұшыры берілмей желінуі күнә болады. Топырақтан алынған өнімнің азының да, көбінің де ұшырын беру керек. Ұшыр беру мал-мүліктің берекесін арттырады.