Сұхбат
Харамнан сақтану «тақуа» деп аталады. Халал немесе харам екендігі күмәнді нәрселерден сақтану «уәра» деп аталады. Күмәнді бір нәрсе істеп қоймау үшін бір халал істі тәрк ету «зуһд» деп аталады.
Парыздарды, уәжіптерді және сүннеттерді жасаған және харамнан, мәкрухтан сақтанатын мұсылманға ахиретте «сауап» беріледі. Харамдарды, мәкрухтарды істеген адамға және парыздарды, уәжіптерді орындамаған адамға «күнә» жазылады. Харамнан сақтанудың сауабы парызды орындаудың сауабынан бірнеше есе көп. Парыздың сауабы мәкрухтан сақтанудың сауабынан, ал бұл сүннеттің сауабынан көп. Мубахтардың ішінде Аллаһу та’аланың ұнатқандары «хайрат» (қайырымдылық) және «хасанат» (ізгілік) деп аталады. Оларды орындаған адамға да сауап жазылғанымен, ол сауап сүннет сауабынан аз болады. Сауап берілетінін біліп жасау «Қурбат» деп аталады.
Аллаһу та’ала құлдарына мейірімділік танытып, тыныштық пен бақыттың қайнар көзі болған діндерді жіберді. Діндердің соңғысы – Мұхаммед пайғамбардың (алейһиссалам) діні. Яғни Ислам діні. Басқа діндер адамдар тарапынан өзгертілді. Мұсылман болсын, кәпір болсын, кез-келген адам біліп немесе білмей осы дінге сай өмір сүрсе, дүниеде ешқандай қиыншылыққа кездеспейді. Қазіргі кезде Еуропа мен Америкадағы осы дінге сай әрекет жасайтын кәпірлерді айтуға болады. Бірақ кәпірлерге ахиретте ешқандай сауап, сыйлық берілмейді. Осылай еңбек етіп жатқандар егер мұсылман болса, ахиретте де мәңгілік бақытқа кенеледі.
Мұсылман адамның алдымен әһли сүннет сеніміне сай иман келтіруі, одан соң харам істерден сақтануы, одан кейін парыздарды орындауы, одан кейін мәкрухтардан сақтануы, содан соң мүстаһабтарды орындауы қажет. Бұл тізімдегілер осы ретпен жасалмаса, яғни алдында тұрғанды істемей кейінде тұрғанды істесе, оның ешқандай пайдасы болмайды. Мысалы, иманы жоқ адамның харамнан сақтануының, харам іс жасап жүрген адамның парызды орындауының пайдасы жоқ.