Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Сөйлеу әдебі

Сөйлеу әдебінің біріншісі – көп сөйлемеу. «Көп сөз өтіріксіз болмайды, көп мал харамсыз болмайды» деген аталы сөз бар. Көп сөйлеу зейін кемшілігі және ақыл әлсіздігінің белгісі. Адамның құрметін, қадірін кетіреді.

Хазреті Айша анамыз былай деген: «Ешбір сөзі бос болмаған Расулуллаһ алейһиссалам аз және орынды, дана-дана сөйлейтін. Бір мәжілісте сөйлесе мүбәрәк аузынан шыққан сөздерін санауға болар еді».

Біреу саған қарап сөйлесе, ол сөзін бітірмей тұрып жауап беруді бастама. Ақылды адам сұрақты мұқият тыңдайды, сұрақ қойылып біткеннен кейін ойланып, сосын жауап береді. Хикмет иелерінің «Алдымен ойла, кейін сәйле!» деген сөздері мәшһүр. Қажеттілік болмай тұрып сөйлемеген жөн болады.

Сөйлегенде күлмеу керек. Жиында біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөліп араға кірмеу керек. Біреудің айтып жатқан нәрсесін біліп тұрсаң да білетініңді белгілі етпей, ол адамның сөзін бітіруіне мүмкіндік беру қажет.

Қасыңдағы адамдардың сөздері сені қызықтырмайтын болса немесе ол адамдар сенің араласуыңды қаламайтын болса араласпаған жөн. Сенен жасырын сөйлеп жатқан болса, оларға құлақ түрмеген дұрыс болады.

Астарлы мағыналап сөйлемеу керек. Дауысты қатты да емес, ақырын да емес, орта дауыс тонымен сөйлеген дұрыс. Түсінілуі қиын сөздерді мысалдармен түсіндіру керек және пайдасы жоқ жерлерде сөзді созудың керегі жоқ. Қысқа да нұсқа түсіндіру жолын таңдау керек. Көпшілік мағынасын білмейтін және түсінілуі оңай болмаған сөздерді қолданбаған жөн.

Адамилықты кетіретін, адамды төмендететін, дұшпандық тудыратын сөздерден және мінездерден сақтану қажет. Қалжыңда өте мұқият болған жөн. Қалжың тағамдағы тұз секілді. Азы да, көбі де жақсы емес. Әр адаммен ақылына, түсінігіне сай сөйлесу қажет. Пайғамбарымыз былай деген: «Біз пайғамбарлар адамдарға түсіне алатындай дәрежеде сөйлеу әмірін алғанбыз».

Үнсіз болған адам қашанда пайдасын көреді.