Untitled Document

Сұхбат... Хабарың болсын!

Хабарың болсын, Аллаһу та’ала барлық нәрседен бұрын ақылды жаратты және оған ілім, зейін, ықылас, адалдық, жомарттық, тәуекел, қорқыныш, үміт мінездерін берген. Міне, осындай ақылмен мәртебеленгендер жаратылу мақсатын, яғни Аллаһу та’аланың ұлылығы мен бірлігін растау арқылы Оның ризалығына қауышады. «Назиат» сүресінің қырқыншы аятында: «Аллаһу та’аланың алдында қорқып нәпсінің қалауларын тежеген адамдардың баратын жері – жәннат».

Аллаһу та’ала ақылдан кейін нәпсіні жаратқан. Оған надандық, шәһуат, ашкөздік, өтірік, қанағатсыздық, ашу, зұлымдық, ластық, іріткі салу және ширк сияқты төмен дәрежелі сезімдерді берген.

Бұдан бұрынғы екі аятта «Кімде-кім менің әміріме мойынсұнбай, нәпсіне ерсе, баратын жері – тозақ» және «Зұлымдық жасап, тек дүние өмірін таңдаған адамның баратын жері – тозақ» делінген. Олай болса әр адамның ақылын қолданып, ойланып әрекет етуіне тура келеді. Егер ойланбай әрекет ететін болса, нәпсіне ерген болып, соңында баратын мәңгілік жері тозақ болады. Ақылды қолға алып, нәпсі мен шәһуатты тастау керек. Себебі нәпіс пен шәһуат адамдардың ең үлкен дұшпаны. Ақылын қосып, дұрыс ойлағандар Аллаһу та’алаға иман келтіреді. Ақылын қолданбай нәпсіне ергендер барлық уақытта адасады және Аллаһу та’алаға баратын жолды ешқашан таба алмайды.

Ақылы болып ойланбайтын және көзі болып хақты (дұрысты) көрмейтіндер, құлағы болып ақиқатты естімейтіндер туралы «Араф» сүресінің 179-шы аятында «Олар төрт аяқты хайуан сияқты, тіпті хайуаннан да жаман» делінген. Мұсылманның баласы бола тұра, нәпсінің қалауына ергендер де осы сияқты. Олардың тек аты ғана мұсылман.