Ислам ахлақы... Асығу (1)
Адам баласының жаратылысында асығу мінезі бар. Мына екі аяти кәримада былай дейді:
«Адам асыққыш болып жаратылды». (Әнбия 37).
«Адам өте асыққыш». (Исра 11).
Асығыс тірлікке шайтан араласады. Хадис шәрифтерде айтылған:
«Асығыстық шайтаннан, асықпау Рахманнан». (Тирмизи).
«Асықпайтындар дұрыс шешім қабылдайды, асыққандар әр ісінде қателеседі». (Бәйһақи).
Олай болса, кез-келген жұмыс істегенде асықпау керек, тез шешім қабылдамаған жөн. Асығыс шешімге шайтан араласады. Нәпсінің қалаған нәрсесін жасау ойға келген кезде шайтан: «уақытты өткізбей тез жаса» деп арандатады. Сол үшін жүрекке (көңілге) келген нәрсені жасамастан бұрын: «бұған Аллаһу та’ала разы бола ма? Жасасам сауап бола ма, күнә бола ма?» деп ойлану керек. Күнә болмаса жасай беруге болады. Осылайша дұрыс шешім қабылданған, асығыстыққа жол берілмеген болады.
Тек бес мәселеде асығу керек:
1- Қонақ келгенде тамағын беруге асығу.
2- Күнә жасағанда тәубә етуге асығу.
3- Намазды уақыты кіре сала оқуға асығу.
4- Мәйітті жерлеу жұмыстарында асығу.
5- Қыз немесе ұл баланы дін ғылымдары мен намаз оқуды үйреткеннен кейін балиғат жасына толып теңі табылып тұрса, ұзатуға немесе үйлендіруге асығу.