Сұхбат... Пайғамбарымыздың алып жүрген жеті нәрсесі
Пайғамбарымыздың алейһиссалам бір аршын ұзындықта немесе одан да біраз ұзын бір михжәні бар болатын. Михжән деп ұшы иілген таяқты айтады. Пайғамбарымыз Хажәрул әсуадті алыстан сонымен ишарат етіп көрсететін.
Пайғамбарымыз түйеге мінген кезде оны алдына асып алатын. Пайғамбарымыздың «Уржун» деп аталатын бір мыхсаррасы (асасы) да бар болатын. Пайғамбарымыз Бақиулғарқадқа барғанда оны алып жүретін, оған сүйеніп отыратын, қолында айналдырып жүретін. Пайғамбарымыздың осы мыхсарраны ұстап тұрып хутба айтқан кездері де болған.
Пайғамбарымыздың тау ағашынан жасалған Мәмшук деп аталған шыбығы да бар еді.
Хазреті Осман пайғамбарымыздың шыбығын алып, мінберде хутба айтқан кезде Жахжах бин Саид немесе Жахжах бин Қайс хазреті Османның қолынан шыбықты алып, тізесімен бүгіп, сындырады. Халық Жахжахқа айқайлайды. Хазреті Осман мінберден түсіп, үйіне кетеді.
Осыдан кейін Аллаһ Жахжахтың қолына немесе тізесіне қышыма ауруын жібереді. Жахжах хазреті Осман шәһит болғаннан кейін бір жылға жетпестен қышымадан өледі.
Пайғамбарымыз өзімен бірге тарақ, айна, мисуак, гүл майы, сүрме және қайшы алып жүретін, оларды сапарда, қауіпті жерлерде де үнемі алып жүрді.
Хазреті Айша: «Соғыстарға Расулуллаһтың гүл майын, тарағын, айнасын, екі қайшысын, сүрме салғышын және мисуагын дайындайтынмын» деген.
Сондай-ақ, хазреті Айша: «Сапарда және қауіпті жағдайда Расулуллаһ жеті нәрсені: 1. Гүл майы шынысы, 2. тарағы, 3. айнасы, 4. сүрме салғыш, 5. мисуагы, 6. екі қайшысы, 7. шаш бөлетін сүйегін қасынан тастамайтын» деген.
Пайғамбарымыз күніне сақалын екі рет тарайтын.
Әнәс бин Малик: «Расулуллаһ жиі-жиі шашына гүл майын жағатын, сақалын сумен тарайтын» деген.