Сұхбат... Ұлыма және қызыма...
- Мені қартайды деп ойлаған күніңнен бастап сабырлы болуыңды және мені түсінуге тырысуыңды өтінемін!
- Тамақтанғанда үстімді кірлетсем маған ашуланбауыңды өтінемін!
- Саған бір нәрсе үйрету үшін қаншама тер төккенімді, шаршамай, жалықпай сенімен әуре болған күндерімді еске ал!
- Кішкентайыңда сені ұйықтату үшін бір ертегіні қаншама рет қайталап оқуға тура келгенімді есіңе түсір!
- Жаңа технологиялар турасындағы сауатсыздығымды көрсең маған уақыт бер, мені түсінуге тырыс. Маған күліп мазақ етуші болма!
- Кей кездері ұмытшақ болсам немесе сөздерімде шектен шығып кетсем есіме түсіруім үшін маған уақыт бер. Дереу ашуланба! Өйткені ең маңыздысы сенің жаныңда болуым және мені тыңдайтын болуың.
- Мен саған көптеген нәрселердің қалай жасалатынын көрсеткен едім!
- Қартайған аяқтарым жүруге қиналғанында маған қолыңды бер! Сен алғаш қадамыңды басқан кездегі менің саған қолымды бергенімдей.
- Бір күні келіп мені түсінесің.
- Сенің жаныңда болғанымда өзіңді ренжулі, ашулы немесе әлсіз сезінбе. Менің жанымда болуың, мені түсінуің және маған көмектесуің керек.
- Мен үшін жасағандарыңа тек күлімдеп қуанышыммен және саған деген өмір бойғы жинаған махаббатыммен дұға етіп алғысымды білдіре аламын.
- Сені қатты жақсы көремін және әрдайым жақсы көріп өтемін, осыны ұмытпа!
- Саған жасағандарым үшін және махаббатым үшін сенен ештеңе дәметкенім жоқ.
Енді мені түсіндің бе, құлыным?..