Untitled Document

Денсаулық... Табиғи косметика

Сәбіз: Тері қаттылығын қалыпты жағдайға түсіреді, сергек көрініс және түс береді.

Қияр: Теріні ылғалдандырушы және майлылығын алушы қасиеттерге ие.

Лимон: Микробтан тазалайды, теріні жиырады, күшейтеді және майлылығын алады.

Айран: Терінің ерте әжімделуінің алдын алады, жұмсақтық және иілімділік береді.

Сүт: Ылғалдандырады, иілімділік береді, теріні күшейтеді, түзулейді.

Сермене (мелисса): Жүйке жүйесін тыныштандырады, асқазан газдарын да кетіреді.

Түймедақ: Қабынудың алдын алушы, нәзік және сезімтал терілер үшін өте маңызды.

Бидай кебегі: Теріні құрғап кетуден қорғайды.

Көк шай: Теріні азықтандырады және қартаюдан қорғайды.

Бал: Теріні күшейтеді және жұмсартады. Әжімдерін жазады және қан айналымын реттейді.

Алма уксусы: Өте танымал дәрі. Теріні жандандырады және терінің беткі қабатын күшейтеді. Құрғақ және жарылғыш терінің және майлы, безеулі терінің де күтімінде өте жақсы. Шашқа жұмсақтық және жалтырақтық береді.

Жұмыртқа сарысы: Маска және компрессте ең маңызды зат. Теріні азықтандырады және түзейді.

Зімбір (имбирь): Терінің майлылығын, қабынуын кетіреді, жарылуын және жаралардың жазылуын жылдамдатады.

Бадам майы (миндаль): Құрғақ және жарылғыш терілер үшін өте пайдалы. әжімдерді кетіреді.

Майсана майы: Шашты күшейтуде өте ұтымды қолданылады.

Соя майы: Теріні қоректендіреді.

Күнжіт майы: Теріні азықтаушы және күн сәулесінен қорғаушы қасиеттері бар.

Зәйтүн майы: Сүзілген зәйтүн майы адам терісіне жақсы сіңеді, теріні қалыпты жағдайда ұстайды және жаңалайды.