Күннің тарихы... Сәйид Ахмет Мекки хазрет
Ғалым, ариф және кемел уәли болған Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттің үлкен ұлы. Анасы — ұлы әулие, кереметтер иесі Сәйид Фәһим Арваси хазреттің үлкен ұлы Мұхаммед Рәшид Арвасидың қызы Айша ханым.
Ол 1896 жылы (хижри 1314) Түркияның Ван уәлаятына қарасты Башкале ауданында дүниеге келген. 1967 жылы (хижри 1387) дүниеден өткен.
Ол кішкентай кезінен бастап ардақты әкелерінен және ағасы Сәйид Таха мырзадан білім алуды бастады. Медресе оқуын аяқтаған соң әкесінен сыртқы (захири) ілімдердің тереңдігін үйреніп, ижазат (диплом) алып құрметке ие болды. Жоғары дәрежелі рухани назар мен қолдауға бөленіп, әулиелік жолында кемелдік дәрежелерге жетті.
Ол өте жомарт еді. Күндіз-түні есігі оны сүйетіндер мен келген қонақтарға әрдайым ашық болатын. Қонақтарына үнемі құрмет көрсетіп, дастархан жайып, дәм татқызатын нәрсе табылатын.
Ахмет Мекки хазрет ғалымдарға ерекше құрметпен қарайтын. Оның шәкірттерінің бірі былай деп еске алады:
Бір күні ұстазыммен бірге басқа бір шәкірттің үйіне бара жатқан едік. Ол жерде сабақ беретін. Ақшам азаны да жақындап қалған кез еді. Бір бұрышқа келгенімізде ұстазым көшеге аяқ басар сәтте тоқтап қалды. Кейін жолын өзгертіп, басқа бір көшеге түсіп, айналма жолмен шәкірттің үйіне бардық. Мен неге жолды ұзартқанымызды түсіне алмай аң-таң болдым. Мұны байқаған ұстазым маған:
— Балам, анау көшеде үлкен бір ғалым кісі тұрады. Біз сол ілім иесінің үйінің алдымен өтіп кетсек, халін сұрамай, амандаспай өтіп кетуіміз дұрыс болмас еді. Ал егер есігін қақсақ, бұл жолы қысқа уақытта оны мазалап, ыңғайсыз жағдайға қалдырар едік. Бұл да жараспайтын іс болар еді, — деді. Сол кезде мен ұқтым: Ахмет Мәки хазрет ғалымға деген құрметі мен әдептілігі соншалық, оның үйінің алдынан үн-түнсіз өтуді де лайықсыз санаған екен.
Ахмет Мәки хазрет 71 жасында, 1967 жылы (хижра 1387) ахирет сапарына аттанды. Ақырғы сөзі: «Әлхамдулиллаһ» болды.