Untitled Document

Сұхбат... Ахиретін елемегендердің хәлі қандай аянышты!

бу Бәкір Хамадани – Шафии мазһабының фиқһ және хадис ғалымы. Ол 920 жылы Ирандағы Хамадан қаласында дүниеге келген. Білім алу үшін көптеген жерлерді аралаған. Бағдатта болып, шафии фиқһы мен хадис ілімдерінде үлкен ғалымға айналды. Хамаданда қазы (сот) қызметін атқарған. Ол: «400 хижра жылына жетпей қайтыс болсам екен» – деп жиі дұға ететін. Аллаһ оның тілегін қабыл етіп, 1007 жылы (398 хижра) дүниеден өтті.

Хафс ибн Амр және басқа ғалымдар Әбу Бәкір Хамаданиден мына хадистерді жеткізген:

Хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) Жәбияда айтқан хұтбасынан: «Бір күні пайғамбарымыз (алейһиссалам) біздің алдымызға шығып, мен секілді орнынан тұрып былай деді:

– Сахабаларыма құрмет көрсетіңдер. Сосын олардан кейін келгендерге (табииндерге), сосын олардан кейін келгендерге (тәбә-и табииндерге) құрмет көрсетіңдер. Сосын адамдар бір-бірінен куәлік пен ант сұрамаса да, өз еркімен (жалған) куәлік етіп, ант бере бастайтын уақыт келеді. Кім жәннаттың ортасында болғысы келсе, жамағатпен бірге болсын. Себебі шайтан жалғызбен бірге болады, ал екі адамнан алысырақ тұрады. Назар салыңдар! Айтамын: ешкім бөгде (намахрам) әйелмен оңаша қалмасын. Егер қалса, олардың үшіншісі шайтан болады. Назар салыңдар! Кім күнә істесе және кейін сол үшін уайымдаса, ал жақсылық жасағанда қуанып қалса – міне, сол адам – нағыз мұсылман!».

-«Я, Аллаһым! Малын жақсы жолға жұмсайтын жомарттарға жұмсағанынан да көп бер! Ал малын жұмсамайтын сараңдардың малын құрт!».

«Бір-біріңе жақсылықты, игі істерді насихаттаңдар. Жамандықтан, зиянды нәрселерден сақтандырыңдар.

Сараңдық көбейіп, нәпсі қалауы үстемдік етіп, ахирет ұмытылып, тек дүниелік өмірге ұмтылу артқанда әркім өзін өзі жақсы көретін заман келгенде – сол кезде өздеріңді түзетуге тырысыңдар. Адамдардың жетегіне ермеңдер. Қиын күндер келеді. Сол кезде күнәдан сақтану – қолда шоқ ұстағандай қиын болады. Бірақ сол кезеңде пайдалы іс істеген, мұсылманша өмір сүрген адам – сендерден елу адамның сауабындай сауап алады».