Сіз білесіз бе? Қытайдың білім жүйесі: құрылымы
1. Мектепке дейінгі білім
– 3–6 жас аралығы.
– Міндетті емес, бірақ кең таралған.
– Мемлекеттік және жеке балабақшалар бар.
2. Бастауыш мектеп
– 6–12 жас (6 жыл).
– Міндетті оқу кезеңі басталады.
– Негізгі пәндер: қытай тілі, математика, саясат, дене шынықтыру, музыка.
3. Орта білім
- Орта буын (Чучжун – 3 жыл): 12–15 жас.
- Жоғары мектеп (Гаочжун – 3 жыл): 15–18 жас.
4. Жоғары білім (университеттер, колледждер)
- Гаокао – Қытайдың ұлттық бірыңғай емтиханы.
- Бұл емтихан Қытайдағы ең маңызды өмірлік сынақ болып саналады.
- ҰБТ-дан да ауыр: 10–12 пән, үлкен психологиялық қысым.
- Университеттер үш деңгейге бөлінеді: «Project 985», «Project 211» және жалпы ЖОО-лар.
Гаокао – ұлттық драма. Гаокао – адамның өмір жолын шешетін басты сынақ. 10 миллионнан астам оқушы жыл сайын тапсырады. Емтихан күні ел бойынша тыныштық режимі орнатылады. Бәсекелестік өте жоғары – Үздік университетке түсу әлеуметтік статус пен жақсы жұмыс кепілі болып табылады. Ұлттық тәрбие мен идеологияға мән беріледі – Партия мен Отанға адалдық – мектеп бағдарламасының бір бөлігі. «Мораль және саясат» пәні міндетті. Білім теңсіздігі – Қалалық мектептер мен ауылдық мектептердің сапасы жер мен көктей. «Тигр аналар» феномені – Ата-аналар баласының оқуда жетістікке жетуін өмірлік міндет санайды. Қосымша сабақтар, түнгі дайындық — қалыпты нәрсе.
Кемшіліктері: Шығармашылыққа орын аз, Жүйке жұқартатын бәсеке, Әлеуметтік теңсіздік, Стресске байланысты оқушының жан күйзелісі (depression, burnout).