Untitled Document

Сұхбат... Дінімізде ілімнің маңызы

Сұрақ: Ілім үйренудің маңызы қандай?

Жауап: Ілім үйренудің маңызы, құндылығы өте көп. Құран кәрімде: «Білмесеңдер, әһли зікірден (ілім иелерінен, ғалымдардан) сұраңдар» делінген. (Әнбия 7).

Аяти каримадағы «зікір» сөзі ілім дегенді білдіреді. Бұл аяти кәрима білмейтіндердің ғалым тауып солардан сұрап, үйренуін әмір етуде. (Хадиқа).

Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ иман еткендерді көтереді. Ал ілім берілген мүминдерді (жәннатта) қат-қат дәрежелерге көтереді». (Мужадәлә 11).

«Оларға айт, білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма? Білетін адам әлбетте қадірлі». (Зумәр 93).

«Құлдары арасында Аллаһу та’аладан ең көп қорқатын – ғалымдар». (Фатр 28).

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Ілім үйрену әйел-еркек барлық мұсылманға парыз». (Бәйһақи).

«Бесіктен мазарға дейін ілім үйренуге тырысыңдар!» (Шира).

«Аллаһу та’ала Ибраһим алейһиссаламға Мен ілім иесімін, ілім иелерін жақсы көремін деген». (Ибн Абдилбәр).

«Ілім – исламның өмірі, иманның тірегі». (Әбушшәйһ).

«Ешкім сауатсыздығымен құрметті, ал ілімімен масқара болмайды». (Аскери).

Хазреті Әли былай деген:

«Ілім мал-мүліктен қайырлы, өйткені мал-мүлікті сен қорғайсың, ал ілім сені қорғайды. Мал-мүлік жұмсаумен азаяды, ал ілім жұмсау арқылы көбейеді».

Имам Ғазали хазрет те: «Адамның басқа мақұлықтардан үстемдігі ілімде, күш-қуатта емес. Өйткені түйе адамнан күштірек. Үстемдік ірілік тұрғысынан да емес. Өйткені піл адамнан ірі. Батылдық тұрғысынан да емес. Өйткені арыстанның батылдығы адамнан көбірек. Көп жеуде де емес. Өйткені бұқаның қарны адамның асқазанынан үлкенірек. Сондықтан ілім үстемдігі өте жоғары қасиет» деген.