Денсаулық... Зімбір пайдаланудың 5 себебі
Зімбір (имбирь) – ғаламшардағы ең пайдалы әрі дәмді дәмдеуіштердің бірі. Ол құнарлы заттарға, биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Күнделікті зімбір тұтынудың 5 түрлі пайдасы бар:
Зімбір – күшті антиоксидант: Зімбірге ерекше дәм мен иіс беретін – құрамындағы табиғи майлар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – гингерол. Гингерол – қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар күшті құрал. Ағзаны жұқпалы індетке, күйзеліске төтеп беруге, күш-қуатты ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі.
Жүрек айнуын басады: Жүргізілген зерттеу жұмыстары зімбір тамырының жүрек айнуына қарсы тиімді құрал екендігін көрсеткен. Ол қан қысымының өзгеруі, бас жазу синдромы, отадан кейін қалпына келу кезеңінде жүрек айну белгілерін басады.
Бұлшық ет ауруын жеңілдетеді: Зімбір бұлшық етке тікелей әсер етпегенімен, оның қабынуға қарсы әсері тән ауруын басады.
Зімбір сусамыр дертіне шалдығу қаупін төмендетеді: 2015 жылы сусамырдың (қантты диабеттің) ІІ-ші түріне шалдыққан 40 науқастың қатысуымен жүргізілген тәжірибе барысында, тұрақты түрде ұнтақталған зімбір тұтыну (аш қарынға 2 граммнан) науқастардың қанындағы қант деңгейін 12%-ға дейін түсіруге көмектескен.
Зімбір ми қызметін жақсартады: Жануарлар үстінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының бірқатары зімбір құрамындағы антиоксиданттар мен белсенді қосылыстар мида орын алатын қабыну реакциясын баяулататынын көрсеткен. Мұнан бөлек, зімбірдің ми қызметін жақсартатын әсерге ие екендігі жөнінде деректер де бар.
Орта жастағы 60 әйел адамның денсаулығын бақылауға алған зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, тұрақты түрде зімбірді тұтыну реакция жылдамдығын, есте сақтау мен есептеу дәлдігін жақсартқан.