Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Суи зан ету (1)

(жаман күмәнде, ойда болу)

Нақты білмей тұрып кез-келген адам жайлы суизан ету (жаман деп ойлау, күдіктену) және солай деп шешім қабылдау жаман мінезге жатады. Бұлай ойлау үлкен күнә болады. Өйткені Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер, суизан етуден (біреу туралы жаман ойлаудан) өздеріңді сақтаңдар! Ойлаудың кейбірі күнә болады» деп бұйырылған. 

Расулуллаһ алейһиссалам бір хадис шәрифінде: «Суизан етпеңдер! Суизан қате шешім қабылдауға себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздестірмеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, талас-тартыс, күншілдік және дұшпандық етпеңдер, бір-бірлеріңді шағыстырмаңдар, бір-бірлеріңді бауырдай жақсы көріңдер! Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық етпейді, көмек береді. Оны өзінен төмен көрмейді» деп бұйырған. 

Кез келген бір мұсылманды күнә істеді деп ойлау, «анық сол істеді» немесе «онсыз да ол адамнан бұдан басқа не күтуге болады» деген секілді ойлармен тұжырымдарға келу суизан болып, үлкен күнәға жатады. Мұндай күнәлар тек тәубе етумен кешірілмейді. Өйткені мұндай күнәларға құл ақысы да араласады. Сондықтан тәубе етумен қатар жаман ойда болған адамнан кешірім сұрау, разылығын алу да керек болады. Көңілге кейбір жаман ойлар келген кезде ауызбен айтпайынша немесе сол ойына сай әрекет етпейінше суизан болмайды. 

Өзгелер туралы жаман ойда болу және оларды жаман деп білу харам болғанындай, адамдардың жаман ойлауына себеп болатын сөздер айту және сондай әрекеттерге бару да дұрыс емес. 

Шәмсәддин Сиваси хазрет айтады: «Аллаһу та'аланың әмірі бойынша ешкімге суи зан етпеу керек, хусни зан ету (жақсы ойда болу) керек. Өйткені өзгелерді тексеруге, тергеуге міндеттелген емеспіз».