Әулиелер... Тұрыңдар, оны қарсы алыңдар!
Әбу Абдуллаһ Турубади хазрет — ұлы әулиелердің бірі еді. Ол Тус қаласында дүние салған.
Бір күні шәкірттерімен сапарға шықты. Жолда тамақ ішу үшін бір жерге тоқтады. Сол уақытта Кашмирде жүрген Хәллаж Мансур да жолға шыққан еді.
Әбу Абдуллаһ шәкірттеріне:
— Бір адам келе жатыр, оның мынадай мынадай сипаттары бар. Тұрыңдар, оны қарсы алыңдар! — деді.
Аз уақыттан кейін Хәллаж Мансур жанында екі итімен Әбу Абдуллаһтың жанына келді.
Оны көргенде Әбу Абдуллаһ тамағын тастап орнынан тұрды.
Ол кісіні өз орнына отырғызып, үлкен құрмет көрсетті. Шәкірттері таңырқап қалғанында:
— Сендер оның сырт келбетіне қарамаңдар. Ол нәпсінің құмарлығынан арылған адам, — деді.
● ● ●
Бір күні ол кісі сүйікті шәкірттеріне:
— Бауырларым, хадис шәрифте: «Әулиелер еске алынған жерге рахмет жауады» делінген, — деді, және жалғастырды:
— Бұл хадис шәриф, әулиелерді сүйіп еске алатын адамның фәйз бен берекеге бөленетінін, дұғаларының қабыл болатынын білдіреді. Әркім өз сүйіспеншілігі мөлшерінше ол ұлылардың нұры мен фәйзінен үлес алады.
Бір күні тағы бір сұхбатында:
— Бір адам құлшылықтарын кемшілікті деп көрсе, оның ғибадаттарының қадірі артады. Осылайша ғибадаттары қабыл болуға лайық болады. Сендер де жасаған жақсылықтарыңды кемшілікті деп көруге тырысыңдар, — деді.