Untitled Document

Нақыл сөз... Абайдың айтқандары

1. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

2.Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

3. Өзің мал таба алмасаң – балаң мал тапсын.

4. Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

5. Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек – бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі.

6. Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.

7. Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.

8. Құдайдан қорық, пендеден ұял: бала бала болсын десең оқыт, мал аяма!

9. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады.

10. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

11. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше – малды не жерден сұрау керек, не маңдай терден сұрау керек.

12. Тура жолдағыны шатастырушы жүз кісі – қисық жолдағыны түзеткен бір кісіден садаға кетсін.

13. Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің.

14. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.