Оқиға... Хазреті Әмина
Хазреті Әмина ұлын, яғни пайғамбарымызды қасына алып Мадинадағы Нәжжар ұлдарынан болған нағашыларына қонаққа барады. Ол жерде пайғамбарымызбен бірге бір айға жуық қонақта болады.
Яһуди қауымы кішкентай Мұхаммедті (алейһиссалам) ол жерде көргенде оны үнемі қадағалап халін, әрекеттерін бақылап жүрді. Хазреті Әмина яһудилердің балаға қатты қадалып қарауларынан қорқа бастап, тез арада Меккеге қайту үшін жолға шықты. Әбуа ауылына келгенде ауырып сол жерде тұрақтауға тура келді. Бас жағында тұрған пайғамбарымыздың жүзіне қарап былай деді:
«Ей, атылған өлім оғынан Аллаһтың мейірімі және көмегімен 100 түйе құнымен құтылған адамның ұлы! Аллаһ сені мубәрәк және тұрақты етсін! Егер түсімде көргендерім дұрыс шықса, сен Аллаһу та’ала тарапынан Адам балаларына халал және харамды білдіру үшін жіберілесің! Аллаһ сені ұлттармен бірге келген пұттардан және пұтқа табынушылықтан есіркейді, сақтайды.
Барлық жанды болмыстар өледі. Мен де өлемін. Бірақ өшпестей есте қаламын. Өйткені таза бір бала туып, артымнан қайырлы естелік қалдырып барамын».
Хазреті Әмина 577 ж қайтыс болғанында 30 жаста еді. Қасиетті мәйітті сол жерде жерленді. Бірге жолға шыққан Умму Айман пайғамбарымызбен дереу жолға шығып бірнеше күнде Меккеге келді. Абдулмутталибтің алдына келіп кішкентай Мұхаммедті (алейһиссалам) оған тапсырды.
***
Хазрети Әмина анамыздың қабірі ертеде ауыл болып қазіргі күні жазықтыққа айналған Әбуа жазықтығында бір төбеде орналасқан.
Бұл қабір Османлы мемлекеті дәуірінде бір кесене ішіне алынып, екі ұшына мазар тастары тігілген еді. Бірақ кейіннен бұл кесене Сауд үкіметі тарапынан қиратылып зиярат етуге тыйым салынды. Туркиядан 2008 ж барған бір топ қажы, хазреті Әмина анамыздың қабірі орналасқан жерге қиын шарттарда барып, жоғалған мазарды тауып тастармен белгілі етіп қойды.