Untitled Document

Сұхбат... Мазһабсыздардың адасушылығы (2)

Құран кәрім және хадис шәрифтерден  үкім шығаруды, бұл жауапкершілікті сол істі меңгерген адамға, яғни мүжтәһид ғалымдарға тапсыру керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Құран кәрімді өз көзқарасымен түсіндірген адам дұрыс айтқан болса да қате етті». (Нәсаи).

«Маманы болмай Құраннан мағына шығарған адам тозақта азап көреді». (Тирмизи).

«Құранды өз көзқарасымен тәпсірлеген адам кәпір болады». (Дәйләми, М.Раббани).

Пайғамбарымыз бүкіл хадис шәрифтерін бір күнде, бір мезетте айтқан емес. 23 жыл бойы айтты. Түрлі оқиғаларға байланысты, жеке тұлғаларға қатысты, түрлі шарттарға байланысты айтты. Мұсылмандарға рахмет болуы үшін бір мәселеде өзгеше айтқан үкімдері де болды. Сол себепті хадис шәрифтердің қашан, қай оқиғаға байланысты және не үшін айтылғаны да маңызды. Дін 23 жыл бойы түсіп білдірілді. Кейбір әмірлер уақыт өте келе харам қылынды, кейбір тыйымдар да уақыт өте келе парыз етілді.

Сондықтан хадисті түсіне білу үшін, әсіресе үкім берілген хадистерді түсіне білу үшін де әһли сүннет ғұламаларының бұларға берген түсініктемесін оқу керек.

Мәселен мазһабсыздар (уаһһабилер, сәләфилер) бір нәрсе харам қылынбай тұрғандағы жағдайлар баяндалған хадистерді көрсетіп, «қара, Расулуллаһ былай деген» деп, немесе парыз болудан бұрынғы жағдайларды айтып «қара, демек мұны мазһабтар кейіннен шығарған» деп мазһабтарды қаралауға, жала жабуға, іріткі шығаруға дайын тұрады. Мәселен алғашқы кездерде өлгендердің көбі мүшрик болғандығы үшін қабір зияратына тыйым салынған еді. Кейіннен мұсылмандар өліп, мұсылман мазараттары пайда болғанда «Бұрындары қабір зияратына тыйым салған едім, енді бұдан былай зиярат етіңдер» деп бұйырылды. Сол сияқты әйелдердің орану әмірі кейіннен келді, спиртті ішімдік ішуге де кейіннен тыйым салынды.