Сұхбат... Мазһабсыздардың адасушылығы (1)
Қазіргі заманымызда ең көп тараған бидғат – мазһабсыздық. Мазһабсыздар «Құранмен және хадиспен жүру керек, мазһабтың керегі жоқ, ғалымдардың керегі жоқ, әркім өзі Құранмен және хадис шәрифтермен жүруі керек, әркім өзі ижтиһад етуі (үкім шығаруы керек) керек...» деген адасушылық пікірлер айтуда.
Ал негізінде Құран кәрімді тек пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) түсінген. Әһли сүннет ғалымдары сахабалардан, ұстаздарынан алған ілімінің деңгейіне қарай түсінген. Адамдардың барлығы түсіне алғанда Аллаһу та’ала пайғамбар жібермейтін еді. Мыңдаған, миллиондаған хадис шәрифтердің қажеті болмайтын еді. Барлық адам Құранды түсіне алғанда, мағыналары жасырын болған аяттарды түсіне алғанда, Құран кәрімнен үкім шығара алғанда, Аллаһу та’ала: «Расулым саған уахи етілгендерді ғана жеткізсең болды, анықтап түсіндірудің қажеті жоқ» дер еді. Бірақ Аллаһу та’ала олай демеді, былай деген:
«Бұл кітапты адамдардың түсіне алмаған нәрселерін анықтап түсіндіруің үшін саған түсірдік». (Нахл 64) .
Аллаһу та’ала: «Тек қана Құранға мойынсұныңдар, тек қана маған мойынсұныңдар» демеді. Былай деп бұйырды:
«Аллаһқа және Оның Расулына иман етіңдер, оған мойынсұныңдар, сонда тура жолды табасыңдар». (Араф 158).
«Расулына мойынсұнған адам Аллаһқа мойынсұнған болады». (Ниса 80).
Аллаһу та’ала ғұламаларды мақтаған, олардан сұраңдар деп бұйырған. Құран кәрімде:
«Берген бұл мысалдарымызды тек ғалым болғандар ғана түсінеді». (Анкәбут 43).
«Білмесеңдер ғалымдардан сұраңдар». (Нахл 43).