Денсаулық... Жаңғақ өте пайдалы
Жаңғақтың дене үшін пайдасы санап бітіре алмайтындай дәрежеде өте көп. Калий, магний, фосфорға өте бай. Құрамында жоғары мөлшерде протеин және Омега-3 элементі бар. Жаңғақ әсерлі колорий, протеин, талшық, витамин және минерал көзі. Жаңғақ дәнінің беткі қабатының қыртыстары мидың көрінісіне ұқсайды. Күніне 1-2 дана жаңғақ жеу ми саулығы мамандары тарапынан табандылықпен ұсынылуда. Төменде жаңғақтың кейбір пайдалары тізбектелді:
♦ Зейін бытыраңқылығын (шаршағанын) кетіреді.
♦ Сүйек және тістерді қуаттандырады.
♦ Денеге қуат береді.
♦ Туберкулезден қорғайды.
♦ Тамыр қатаюының алдын алады.
♦ Қан айналымын жақсартады.
♦ Іш өтуін тоқтатып, теріні тазалайды.
♦ Сүйелдерді кетіреді.
♦ Асқазандағы желді кетіреді.
♦ Тұмауға жақсы әсер етеді.
♦ Жөтелді тоқтатады.
♦ Шаршағандықты және әлсіздікті кетіреді
♦ Ісік (опухоль) қалыптасуына бөгет болады.
♦ Қан қоюлануының алдын алады.
♦ Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді.
♦ Өкпеге, асқазанға және миға қуат береді.
♦ Ойлау қабілетін дамытады.
♦ Жүректі қуаттандырады.
♦ Қанды тазалайды.
♦ Холестериннің азаюын қамтамасыз етеді.
♦ Қалыпсыз антиденелерге бөгет болады ж.т.б пайдалары бар.