Қызықты мәлімет... Қытайлықтардың өмір салты мен дүниетанымы
Конфуцийшілдік – Қытай мәдениетінің іргетасы. Негізгі қағидасы – «адамдар арасында үйлесімділік, тәртіп пен құрмет болуы керек». Үлкенге құрмет, ата-анаға бағыну өте маңызды. Жеке мүддеден гөрі ұжымдық мүдде алда тұрады. Жиі айтатын сөздері: «Юаньфэнь» тағдыр кездейсоқтық емес, жолығудың заңдылығы. «Тағдыр жазса, болады» деген сенім кең таралған.
Тәртіп пен еңбекқорлық. Таңертең ерте тұрып, белгілі бір тәртіппен өмір сүруді қалайды. Жұмыс басты болу – мақтаныш. «996» жүйесі (таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін, аптасына 6 күн жұмыс) көп жерде қолданылған.
Ұзақ өмір сүруге ұмтылу. Шай ішу мәдениеті, дәстүрлі медицина, цигун және тайцзи сияқты дене жаттығулары арқылы денсаулықтарын сақтайды. Диеталарында май аз, көкөністер мен буға піскен тамақтар көп.
Қарым-қатынастар мәдениеті. Таныстық пен байланыс арқылы іс шешу өте маңызды. Жақсы «гуаньси» бар адам – беделді, сенімді адам. (гуаньси – туыстық, достық, әріптестік, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас, тіпті клиент пен сатушы арасындағы байланыс та болуы мүмкін).
Бет-әлпет сақтау. Біреуді көпшіліктің алдында ұялту – үлкен ұят. Сын айтса да, жанама түрде, сыпайы жеткізеді.
Қызықты дәстүрлер мен әдеттері. Жаңа жыл – ең маңызды мереке. Ай күнтізбесімен есептеледі. Үй жинау, отбасымен бас қосу, қызыл конвертке ақша салу (хунбао) кең таралған.
Сандар мен символдарға сенім. 8 саны – байлық пен сәттілік символы. 4 саны – өлімге ұқсас дыбысқа ие, сондықтан ол жаман ырым. Қызыл түс – қуаныш пен сәттіліктің түсі деп сенеді.
Қазіргі заманғы ерекшеліктері. Цифрлық өмір. Барлығы телефонмен: төлем (WeChat Pay, Alipay), жеткізу, танысу, тіпті қоқыс сұрыптау да – онлайн.
Білімге ұмтылыс. Балалар мектепке ерте жастан бері қатты дайындалады. «Гаокао» (жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы) – өмірдегі ең маңызды сәттердің бірі саналады.