Untitled Document

Ғұлама... Хазреті Баязид Бистами

Ұлы әулиелердің бірі – хазреті Баязид Бистами м. 776 (х. 160) немесе м. 803 (х.188) жылы Иран өлкесі Хазар теңізінің жағалауы Бистам ауданында дүниеге келген. Лақабы Әбу Язид, есімі Тайфур, «Сұлтанул Арифин» деген атпен танымал болған. Анасының құрсағында жатқаннан бастап кереметтері көріне бастаған. Анасы жүкті кезінде күмәнді нәрсені ауызына алар болса, оны кері шығарып тастағанға шейін ішінен соға беретін.

Имам Жафар Садық дүниеден өтіп, қырық жыл өткеннен кейін туылса да, имам Әли Ризаның сұхбатынан және оның берекетімен Имам Жафар Садықтың руханиятынан нәр алған. Шам өлкесінде отыз жыл тұрып, жүз он үш ғалымнан ілім алған. Иләһи ғашықтықта ілгері, ғибадаттағы дәрежесінің соншалықты жоғарылығы, намаз оқып жатқан кезінде Аллаһқа деген қорқуынан көкірек сүйектері сықырлайтын еді. Заманының терең ғалымы, өнегелі де әдепті еді, тасаууфтағы дәрежесі өте биік болған. Өлеңдері көпке танымал.

Бір күні жақындары: «Мырзам, пәлен жерде ұлы кісі бар. Өзі ізгілік пен керемет иесі әулие екен»,- деген секілді сөздермен көп мадақтайды. Сонда Баязид Бистами: «Олай болса, ол кісіні көруіміз қажет»,- дейді. Шәкірттерімен бірге ол кісінің тұратын жеріне барады. Баязид Бистами ол кісінің мешітке кетіп бара жатқанын және құбыла бағытына қарай түкіргенін көріп онымен көрісуден бас тартып, кері қайтады. Кейін ол кісі жайында: «Діннің үкімдеріне, сүннетке мойынсұнуда, әдепке мән беруде әлсіз болған адамға қалайша керемет иесі делінеді. Мұндай кісінің Аллаһу та’аланың әулиелерінен болуы мүмкін емес»,- дейді.