Untitled Document

Дастархан дұғасы

Тамақтың алдында «Бисмилләһир рахманир-рахим» деу және аяғында «әлхамдулиллаһ» деп шүкір ету сүннет амал болып есептеледі.

Хадис шәрифте келгені бойынша: «Тамақтан кейін  «Әлхамдулиллаһилләзи ат-амәна хазат-таамә уә разақнә мин ғайри хаулин минна уә лә қууатә» дұғасын оқыған мұсылманның күнәсы кешіріледі».

Тамақтан кейін «Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһуммә атимһум кәма ат-амунә» дұғасын оқу да өте сауапты.

Осы дұғалардың бәрін қамтитын мына дұғаны да оқыған жақсы: «Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһуммә атимһум кәма ат-амунә. Аллаһуммәрзуқна қалбән тақиян, минәшширки бәрийян ләә кафирән уә ләә шақиян уәлхамдулиллаһи раббил аләмин».

Нағыз тәубе

Хазреті Әли былай дейді:

«Нағыз тәубе 6 нәрсе арқылы болады:

- Жасаған күнәларына өкіну,

- Қазіргі сәтте күнә істемеу,

- Енді қайтып істемеуге бел буу,

- Құл мен Аллаһу та’аланың ақысын өтеу,

- Күнәнің ләззаты сияқты ғибадаттың да ләззатын тату,

- Хараммен азықтанған тәнді ғибадаттармен тазалау».

Егер істелген күнәларда құл (кісі) ақысы бар болса, ол адамнан кешірім сұрау керек. Қарызы болса, өтеу керек. Кісі қарыздарын өтеп, олардан кешірім сұрап, басқа күнәларына тәубе еткен адам ешқандай күнә жасамағандай болады.