Сұхбат... Аллаһқа шүкір ету
Мұса алейһиссалам Аллаһу та’аладан былай сұрады:
- Йа, Раббым! Адамдар берген ниғметтеріңнің шүкірін қалай орындаған болады?
Аллаһу та’ала былай деді:
«Ей, Мұса! Бір адам оған берген ниғметтерімді менен деп біліп өзінен деп білмесе, ниғметімнің шүкірін орындаған болады. Бір құлым рызықтарын өзінің еткен еңбектерінен деп біліп, менен деп білмесе ниғметтердің шүкірін орындамаған болады».
Аллаһу та’ала хадис құдсиде былай деген:
«Адамдарды және жындарды мен жараттым. Ал олар басқаға ғибадат етіп табынуда. Ризықтарын мен берудемін, ал олар басқаға шүкір етуде!»
Дауд алейһиссалам Аллаһу та’алаға мінажат етіп сұрады:
- Йа, Раббым! Адам алейһиссаламға өте көп сыяпат пен мейірімділік таныттың. Ол саған қалай шүкір етті?
Аллаһу та’ала оған былай жауаптады:
«Ей, Дауд! Ол бүкіл сыяпаттарымды менің тарапымнан келіп жатқанын білді. Оның бұлай білуін оның шүкірі ретінде қабылдадым!»
Дауд алейһиссалам:
- Йа, Раббым! Ниғметтің шүкірін қалай орындаймын? Өйткені шүкрді орындаудың өзі де сенен келетін ниғмет.
Аллаһу та’ала былай деді:
«Ей, Дауд! Сен қазір шүкір еттің. Өз әлсіздігіңді ниғметтің шүкірі деп білдің».