Untitled Document

Сұхбат ... Аллаһу та’аланың субути сипаттары

1. Хаят: Аллаһу та’ала тiрi әрi мәңгi өмiр сүредi. Оның тірі болуы жаратқандарының тірілігіне ұқсамайды. Бұл ерекшелiгi өз затымен тұрақты. Яғни тiрi, үнемi мәңгi өмiр иесi. Бұл сипатының бастамасы да, соңы да жоқ.

2. Ілім: Аллаһу та’ала ілім иесi. Және оның бiлiмi барлық нәрсенi қамтиды. Оның бiлуi жаратылғандардың бiлуi сияқты емес, қап-қараңғы түнде құмырсқаның қара тастың үстiнде жүргенiн көредi және бiледi. Адамдардың жүрегiнен өткен ойларды, ниеттердi бiледi. Бiлуiнде ешбiр өзгерiс болмайды. Бастамасыз және шексіз ілім иесі.

3. Сәм: Аллаһу та’ала есітушi. Құралсыз, шартсыз және себепсіз естиді. Оның естуi пенделерінің естуiне ұқсамайды, Ол бұдан пәк. Бұл сипаты да басқа сипаттары сияқты әбәди және әзәли, яғни бастамасыз және соңсыз (мәңгі).

4. Басар: Аллаһу та’ала көруші. Әр нәрсенi өз затына  тән сипатымен көредi. Оның көруi көзбен емес.

5. Ирада: Аллаһу та’ала қалағанын қалауынша iстейдi. Әрбiр нәрсе оның қалауымен бар не жоқ болады. Қалауына тосқауыл болатын ешбiр күш жоқ.

6. Құдірет: Аллаһу та’аланың барлық нәрсеге күш-құдіретi жетедi. Ешқандай нәрсе оған қиын болмайды.

7. Кәлам: Аллаһу та’ала сөйлеуші. Сөйлеуi бiр құрал, аспап, әрiптер, дауыстар және тіл арқылы емес.

8. Тәкуин: Аллаһу та’ала жаратушы. Одан басқа жаратушы жоқ. Барлық нәрсенi ол жаратады. Аллаһу та’аладан басқаларына жарату етістігін қолданбау керек.

Аллаһу та’аланың сипаттарының ақиқаттарын түсiну (мухал) мүмкін емес. Ешбiр адам және ешбiр нәрсе Аллаһу та’аланың сипаттарына ортақ және ұқсас бола алмайды.