Untitled Document

Сұхбат ... Аллаһу та’аланың сипаттары

Аллаһу та’аланың сипаттары он төрт. Алтауына заттық сипат, сегiзiне субути сипат делiнедi. Олардың мағыналарын бiлiп, жаттап алу қажет.

 

Заттық сипаттары

1. Вужуд: Аллаһу та’ала бар. Оның бар болуының бастауы жоқ. Уажибул вужуд, яғни бар болуы мiндеттi.

2. Қыдем: Аллаһу та’аланың бар болуының бастауы жоқ.

3. Бақи: Аллаһу та’аланың бар болуының соңы жоқ, мәңгi.

4. Уаһданиат: Аллаһу та’аланың затында, сипаттарында және  істерінде ешқандай ұқсасы, ортағы, серiгi жоқ. 

5. Мұхаляфатун лил-хауадис: Аллаһу та’ала заты және сипаттарында жаратылғандардың заты және сипаттарына ұқсамайды.

6. Қиям би-нафсиһи: Ол өзінің затымен бар. Бар болуында мекенге, заманға, материяға және еш нәрсеге мұқтаж емес. Керiсiнше барлық нәрсе Оған мұқтаж. Мекен, материя жоқ кезінде ол бар болатын. Осы әлемді жоқтан бар етпес бұрын заты қандай болса, мәңгілік солай қалады.